Азаматтардың азаматтық қорғаныс жөніндегі құқықтары мен мінд

Азаматтардың азаматтық қорғаныс жөніндегі құқықтары мен міндеттері (ағылш. rights and duties of individuals for civil defence) - Қазақстан Республикасының азаматтары, республика аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар: осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзінің өмірі мен денсаулығын қорғауға құқылы; азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленеді; сондай-ақ азаматтар: Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге; «Баршаңыздың назарыңызға!» деген дабыл беру бойынша іс-қимыл жасаудың тәртібін, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесін, корғанудың негізгі әдістері мен зардап шеккендерге алғашкы медициналық көмек керсету тәсілдерін білуге және орындауға міндетті.