Афоризмдер. Франсуа де Ларошфуко

Егде ессіздер жастардан да ессіздеу.
Достарымызға қарағанда, жауларымыздың біз туралы ойлары шындыққа жақындау.
Ниетімізді түсіндіре алсақ, жасаған істеріміздің көбісі ыңғайсыз шықпас еді.
Жеңілтек мінез – жеңілтек әйелдің ең кішкентай кемшілігі.
Бір жақсы қасиетіңді толық көрсетуге жақсы қасиеттің көптігі кедергі келтіреді.
Өзінде болғанды өзгелерге бере алмайтындар, өзгелерді болғанды көре де алмайды.
Жомарттықтың астарында мақтаншақтық жатады.
Ұсақ кемшіліктерімізді мойындай отырып, үлкені жоқ екеніне сендіргіміз келеді.
Бізбен санасатын адамдарды ғана саналы деп есептейміз.
Мақтаудан қашу қайталауды қажет ету деген сөз.
Жасалған жақсылықты қайтаруға асығу – надандықтың белгісі.