Жадты жақсартатын жаттығулар

Ой-санамыз интернетпен уланған. Бар назарымыз телефонда, ноутбукте болғандықтан, көп нәрсеге жеткілікті көңіл бөлмей, кезі келгенде еске түсіре алмай жатамыз. Өзімізді сәл де болса тиып, техникадан аздап алшақтамасақ, болмайды. Сонымен бірге, есте сақтау қабілетін арттыруға арналған жаттығулар жасай жүргеніңіз де артық етпес.