Гауһар Тұрмаханова самбодан әлем чемпионы атанды

Жапонияның Нарита қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Халықаралық самбо федерациясының ресми сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 52 келі салмақта әйелдер арасында қазақстандық Гауһар Тұрмаханова чемпион атанды. Ол финалда ресейлік Анна Харитоновадан басым түсті.

Сондай-ақ жарыстың екінші күні ерлерден қазақстандық Асылбек Әлкей 74 келі салмақта қола жүлдеге ілінді.

Әскери самбодан Руслан Аушев 100 келіден жоғары салмақта тағы бір қола жүлдені еншіледі.