Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін Джейкобс қарсыласын 25 секун

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін боксшылар Даниэл Джейкобс пен Питер Куиллин өзара жекпе-жек өткізді. Бруклинде өткен жұдырықтасуда Джейкобс қарсыласын бірінші раундта-ақ жеңіп шықты.

Орта салмақтағы америкалық боксшылардың жекпе-жегі 25 секундқа ғана созылды. Қарсыласын бірден соққының астына алған Даниэл Джейкобс WBA (Regular) нұсқасындағы чемпиондық атағын қорғап қалды. Осыған дейін екі боксшы да Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға емеурін танытқан болатын.