Күніне 8 сағат ұйықтаңыз

Жақында америкалық ғалымдар 8 сағат ұйқы адам денсаулығы үшін маңызды екенін және 8 сағат ұйықтаған адамның есте сақтауы әлдеқайда жақсы болатынын дәлелдеді.
Ғалымдар бұл зерттеудегі қатысушыларға 20 адамның суреті мен есімдерін көрсетіп, есте сақтап қалуларын сұраған. Нәтижесінде жұмысынан кейін қатысқан қатысушылар қайтадан екі рет суреттер мен есімдерді қайталауды сұраса, 8 сағат ұйқыдан кейін қатысқандары олардан 12% бұл мәліметтерді жақсы есте сақтап қалғаны анықталған.
Зерттеуге қатысушылардың дені 20 жас шамасында болғанымен, ғалымдар барлық жастағылар үшін ұйқының қанбауы есте сақтаудың нашарлауына және ұйқының бұзылуына ықтимал дейді және 8 сағат ұйқы адам жадының жақсаруына көмектеседі деген қорытынды айтты.