Дәрі-дәрмек ішудің ережесі

Тез жазылу үшін дәріні іше салу оңай секілді. Алайда дәрі-дәрмекті ішудің де өз ережесі бар. Егер бұл ережелер орындалмаса, дәрінің емге дауа болуы екіталай. Ауырған кезде ішетін дәріңізге баса мән беріңіз. Тіпті дәрігердің нұсқауына жүгінгеніңіз де абзал. Себебі кейбір антибиотиктерді дәрігер кеңесінсіз ішуге болмайды. Олардың пайдалы жағымен қатар, зиянды тұстары да болады. Антибиотик демекші, бұл дәрі түрлерін тамақпен бірге немесе тамақтан кейін ішу керек. Дәріні қабылдар алдын қораптың ішіндегі нұсқаулыққа міндетті түрде қарап шығыңыз.