Панда жануарының күлкілі әрекеттері

Әлемдегі ең сүйкімді жануарлардың санатына жататын панда қонжықтарына тәнті болмайтын жан жоқ шығар. Денесіндегі ақ, қара түсті бояулары әдемі жарасатын бұл жануарлардың қылықтары да ерекше болады. Әсіресе енді ғана туылып жер бетінде қалай өмір сүруге бейімделіп келе жатқан қонжықтардың ең бірінші жасаған әрекеттері тіпті көздің жауын алады. Назарларыңызға пандалардың күлкілі де сүйкімді жасаған қылықтарынан топтастырылған видеороликті ұсынамыз. Сізде көріп көңіліңізді бір сергітіп алыңыз.