Қазақстан тарихы. Мына тарихи деректер ұлттық тестілеуде жән

1.Қола дәуірінің Шығыс Қазақстан жеріндегі қонысы?
Дұрыс жауабы: Мало-Красноярка.+

Берілген тапсырманың барлық жауаптары қола дәуірінің қоныстарына жатады. Көрсетілген қоныстар қола дәуіріне тән болғанымен, олардың табылған жерлері еліміздің әр түрлі аймақтарында орналасқан. Сол себепті дұрыс жауапта көрсетілген. «Мало-Красноярка», басқасы дұрыс жауап болып табылмайды. Дұрыс жауабы 6 сыныпқа арналған Ежелгі Қазақстан тарихы (Т.Садықов, Ә.Төлеубаев т.б.) оқулығының 41-бетінде көрсетілген.

2.Уақытша үкімет және жұмысшы солдат және шаруа депутаттарының кеңесі құрылды?
А) Қазан төңкерісінің нәтижесінде.
В) Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін.
С) Батыс Сібір ревкомының шешімімен.
D) Уақытша үкімет және казактар округының шешімімен.
Е) Азамат соғысынан кейін

Дұрыс жауабы: В) Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін.+

Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін. 1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық - демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Революция нәтижесінде Уақытша үкімет органдары мен жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

А) жауабындағы «Қазан төңкерірісінің нәтижесінде» - керісінше уақытша үкімет таратылды. Сол себепті бұл дұрыс жауап болып табылмайды.

С) жауабындағы «Батыс Сібір ревкомының шешімімен» дұрыс жауап болып табылмайды. Сібір ревкомы өкімет билігі үшін күреске түскен «ақтар» деп аталған контрреволюциялық күштерге қарсы шықты.

Д) жауабындағы Уақытша үкімет пен ақтарға қолдау көрсеткен кейбір казак бөлімдері керісінше жұмысшы солдат және шаруа депутаттарының кеңесінің құрылуына қарсы шықты.

Е) жауабындағы «Азамат соғысынан кейін» нұсқасы дұрыс жауапқа келмейді. Азамат соғысынан кейін Уақытша үкімет деген атау жойылды.

3. Түркістан генерал-губернаторлығының батысында орналасқан уезд

А) Әулиеата
В) Түркістан
С) Қазалы
D) Шымкент
Е) Мерке

Дұрыс жауабы: С) ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақтарды басқару жүйесі түбегейлі өзгертілді. Реформа нәтижесінде ХІХ ғасырдың 60-жылдарының соңында бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары жеке облыстарға жіктеліп, облыстар уездерге бөлінді. Тапсырмада Түркістан генерал-губернаторлығының батысындағы уезі сұралып отыр. Талапкер сұраққа дұрыс жауап беруі үшін біріншіден Түркістан генерал-губернаторлығының өлкенің қай өңірінде орналасқанын білуі, екіншіден осы генерал-губернаторлықтың оңтүстік, солтүстік, батыс және шығыс аймақтарын ажырата білуі, үшіншіден уездердің орналасу аймағын карта арқылы ажырата білуі қажет. Себебі оқулықта «генерал-губернаторлықтың батысындағы уезд» деген сөз тіркесі кездеспейді. Тапсырма оқушының тарихи кезеңдегі материалды қаншалықты игергендігі мен ойлау жүйесінің зеректігіне қалдырылған. Себебі берілген тапсырмадағы «С» жауабындағы «Қазалы» өлкенің батысында орналасқан болатын. Қалған жауаптары дұрыс емес, себебі басқа уездер оңтүстік, орталық, шығыс, солтүстік өңірінде орналасқан.

4. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қазақтармен қатар қатысты:

А) Орыстар, өзбектер
В) Қытайлар, монғолдар
С) Парсылар, ауғандар
D) Ұйғырлар, дүнгендер
Е) Арабтар, әзірбайжандар

Дұрыс жауабы: А) Орыстар мен өзбектер.

Ресейден қашқан орыс солдаттары, жер аударылғандар Кенесары сарбаздарының қатарын толықтырған. Мысалы көтерілістегі Наурызбай батыр атқосшысы Николай Губин болған. Көтеріліске өзбектерде қатысқаны туралы мәліметтер бар. Өзбек Сейдаққожа Оспанов Кенесарының дипломатиялық істеріне басшылық жасаған. Тапсырманың дұрыс жауабын 8 сыныпқа арналған Ж.Қасымбаевтың авторлығымен шыққан 2004 жылы шыққан оқулықтың 80-бетінде, З.Қабылдинов, А.Қайыпбаеваның авторлығымен шыққан 2008 жылғы оқулықтың 141-бетінде нақты көрсетілген. Ал қалған нұсқаларындағы қытай, монғол, парсы, ауған, ұйғыр, дүнген, араб, әзірбайжан ұлттары дұрыс жауапқа сай келмейді. Ұйғырлар мен дүнгендерден басқасы ХІХ ғасырда Қазақстан террриториясын мекен етпеген. Ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне 1881-1884 жылдары келіп қоныстанған.

5. 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданған құжат?

А) Қазақстан тәуелсіздігі туралы конституциялық құжат В) Қазақстан Республикасының егемендік туралы декларациясы
С) Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы
D) ТМД-ны құру туралы Декларация
Е) Ядролық қаруды таратпау туралы келісім

Дұрыс жауабы: С).Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш Конституцияның қабылданған уақыты: 1993 жылы 28 қаңтар. М.Қозыбаев т.б. 2009. Қазақстан тарихы оқулығында 190 бетінде анық көрсетілген.

А). жауабындағы тәуелсіздік туралы конституциялық құжат 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданғаны белгілі.

В). жауабындағы егемендік туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданған. ТМД-ны құру туралы құжат тәуелсіздік жылдарында жүзеге асқаны белгілі.

6. Тараз қаласына жақын орналасқан архитектуралық ескерткіш мавзолей:

А) Есім - хан
В) Айша-бибі
С) Көк-Кесене
Д) Алаша-хан
Е) Арыстан баб

Дұрыс жауап – В.

Тараз қаласының маңында Айша-бибі мен Бабаджа-қатын мавзолейлері, Арыстан-баб кесенесі Отрар қаласына жақын, Есім - хан кесенесі Түркістанда, Алаша хан –Орталық Қазақстанда , Көк-Кесене – Сығанақ маңында орналасқан.