Орны толмас өкініш...

Кез келген адамның өмірінде бір рет болсын өкініп, сан соғып қалатын кездер болады ғой. Не болмаса бір нәрсеге өзіңді кінәлі сезініп... Мысалы, уақытты кері айналдыра алмайтынымызды білгенде қатты өкінеміз ғой, сол секілді. Жадыңызда сақталып қалған сондай сәттермен бөлісуіңізге болады!!!

Қалай болса да қайырлысы деп ойлау керек
"мынаған өкініп отырмын" дерліктей дәл оқиға оралмай отыр ойыма. Бұ да болса жақсылықтың белгісі болар, шүкір...
Өткен нәрсеге өкінбеу керек екен, тек алда содан сабақ алып сол қателікті қайталамау керек
Өкінішті сәттер бірнеше мәрте болды гой. Оның қайсібірін жаза беремін
IT-ға түскенде: "Неге ЕНУ-ға кетіп қалмадым???" деп өкініп ем, кешегі суықтан кейін: "бармай қалғаныма шүкір Астанаға" деп тәубеме келдім :D
Апамның қайтқанына келесі жылы наурызда екі жыл толады. Соңғы сөзін ести алмағаныма өкінемін
Ерекше есімде қалғаны, осыдан 10 жыл бұрын Ерлан деген ағамның өмірден өткені. Ағам ол кезде 4 курс оқитын. Менде казір 4 курс оқимын. Уйдегілер қатты уайымдайды мен үшін.