Не үшін өмір сүреміз?

Жақында бір кітаптан оқып отырып осындай бір сұраққа көзім түсті де, сіздермен бөліскім келді: осы біз, адамдар өмір сүру үшін тамақ жейміз бе, тамақ жеу үшін өмір сүреміз бе? Қалай ойлайсыздар?

Жақында бір кітаптан оқып отырып осындай бір сұраққа көзім түсті де, сіздермен бөліскім келді: осы біз, адамдар өмір сүру үшін тамақ жейміз бе, тамақ жеу үшін өмір сүреміз бе? Қалай ойлайсыздар?

Негізі, адамдар өмір сүру үшін тамақтанады, ал енді екінші жақтан қарасақ тамақ, яғни ас, ол ләззат, ол рақат, ол бір ғанибет т.б.
Мысалға адамда, сені алайық мысалға, қандай өмірлік рақат бар дейсің?
Әрине олар бірнеше, дөрекі жазсам хершірім.
Тамақ, сен жазғандай, адаммен қарым қатынас яғни жақын, жыныстық, ұйқы, дәрет, жалғаса береді.
маңдайым сәждеге тиген сәт қана маған рақат сыйлай алады!
Аллахтың сынағынан өту үшін!
Аллаһ адамзатты өзіне құлшылық етуі үшін және сынауы үшін жаратты, сондықтан сол үшін өмір сүреміз!
Әттең-ай! Осыны білмейтіндердің, білсе де орындамайтындардың саны тым көп!
өмірге әкелген соң, өмір сүру керек болған соң өмір сүреді :)
Не үшін өмір сүреміз? көп адамдар тірлік үшін, әйтеуір түптің түбінде өлеміз қызық қылу үшін немесе жаратушының сынағы ғой сол сынаққа лайық ғұмыр қылу үшін дер, ал біреулер жақын жандар үшін деп уәж айтар бәрі орынды бірақ көңілде кикілжің ой тыным таптырмас жауап: тірі екенсің өз әлемің, өз бөлшегің бар сол әлем мен бөлшекті бұл менің әлемім, бұл менің несібем деп өзіндік, жаман да жақсы болсын із қаларлық, өзіңнің өмір кешкеніңді аңғартарлық тіршілікке тырысу. Қалғанын кім білсін..
Мен кітап пен футбол үшін. Және адалдық үшін...
Халқыма пайдам тисін деп өмір сүріп жүрмін!!!!