Жаңа жылға арналған тест

Бүгін біз сіздерге жаңа жылға арналған тест ұсынғымыз келіп тұр. Оны ауызша, жазбаша түрде де орындауға болады. Сіздің тапсырмаңыз — берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, жауаптарыңызды санап шығу. Сонда сіз өзіңіз туралы қызықты жайттарға көз жеткізесіз. Ендеше, сұрақтар мынадай:
1. Келер жылы осы жылға қарағанда жеңілірек болатынына сенесіз бе?

2. Егер көңілді кеш үстінде ұйықтап қалсаңыз өкінесіз бе?

3. Жаңа жылға арналған кешке шығыс астрологтарының болжамына сәйкес келетін бір нәрсе киесіз бе?

4. Сізге таңғы сағат төрттен кейін құттықтап келетін қонақтар ұнай ма?

5. Жаңа жыл мейрамы бір-біріне өкпелеп жүрген адамдарды татуластырады деп ойлайсыз ба?

6. Мерекелік үстел басында диетаға мән бересіз бе?

7. Шыршада ілініп тұрған шарлардан өз бейнеңізді көріңізші? Күлкілі ме?

8. Егер жеті түнде бейтаныс біреу «Аяз Атамын» деп келіп тұрса, үйіңізге кіргізесіз бе?

9. Жаңа жыл күні сағаттың тілі тура он екіге келгенде қатты қуанасыз ба?

10. Бұл тест сіздің болашағыңызды жарқын етеді дегенге сенесіз бе?

Енді тесттің жауаптарына назар аударыңыз.
«Иә» мен «жоқ» бірдей болса (5-5): сіз — салмақты, сабырлы адамсыз. Бұл жылы сізде бәрі өз ретімен болады. Бірақ кейде зерігетін кездер болады.

«Жоқ» көп болса: сіздің өмірге деген құлшынысыңыз керемет. Сол себепті өзіңізді әрқашан көңілді ұстайсыз. Бірақ алды-артыңызды түгел ойлап болғаннан кейін ғана шешім қабылдаңыз.

«Иә» көп болса: сіз барлығына байыппен, ақылмен қарайсыз. Бірақ сізге белсенділік жетіспейді. Сол үшін сізге келер жылы әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түсіп, байланыс орнатқан артық етпейді.

Жаңа жылда үйіңізге келген қонақтарға бұл тестті орындатуға ұмытып кетпеңіз.