Өмірдің алтын ережелері

1. Өзара түсіністік ережесі
Біреудің қатесін айтпастан бұрын алдымен өз-өзіңізге мұқият қараңыз. Себебі біреуге бір нәрсе айту үшін өзіңіз соған лайық болуыңыз керек.

2. Үйрену ережесі

Сіз айналаңыздағы адамдардың барлығынан жақсы қасиеттерін ғана үйренуге тырысыңыз.

3. Жұмыс ережесі
Жаныңызды ұғып, қашанда қолдау көрсететін жандармен ғана жұмыс жасаңыз.

4. Бумеранг ережесі
Бізге өзге адамдарға жақсылық жасау арқылы өз-өзімізге жақсылық жасаймыз.

5. Балға ережесі
Досыңыздың маңдайындағы шыбынды өлтіргіңіз келсе, балғаны пайдаланбай-ақ қойыңыз.

6. Ауысу ережесі
Біреуді орнына қоюға асыққанша, өзімізді соның орнына қойып көрейік.

7. Ынтымақтастық ережесі
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атқарған жұмыстың жемісі тәтті болады.

8. Оқиға ережесі
Қандай оқиғаға тап болсаңыз да өз-өзіңізді қолыңызда ұстап, сабырлық танытыңыз.

9. Шыдамдылық ережесі
Жалғыз серуендегеннен гөрі біреумен бірге жүрген әрдайым ақырын болады. Сол себепті алыс жолға шықсаңыз серігіңізбен, ал жақын жерге шықсаңыз өзіңіз жүріңіз.

10. Қол жетімділік ережесі
Кіммен болса да жайдары, жарқын жүзбен сөйлессеңіз, сізді араласып, сыйласқысы келетін адамдардың саны артады.