Ерлерге арналған сыйлықтар

Кезекті мақаламыз нәзік жандыларға арналады. Қыздар тек 8 наурызда немесе туған күн, айтулы мерекелерде ғана жігіттерден сыйлық күтетіні сөзсіз. Сүйікті жігітіңізге немесе досыңызға туған күнінде не қуанышында, тіпті 7 мамыр отан қорғаушылар күнінде шын көңілден сыйлық жасауыңызға болады. Бағасы маңызды емес, тек шын жүректен сыйласаңыз болғаны. Қандай сыйлық берсем болады дейтін сауал туындап жатса, онда мына бірнеше кеңесімізге құлақ түріңіз:

Ағаңызға қолсағат сыйласаңыз болады. Өзінің қарындасының берген сыйлығына қай аға болсада қуанып, алғыс айтары сөзсіз.

Ініңізге сәнді USB-гаджет, Play Station, әдемі құлаққап немесе VIP-нөмір немесе футбол добын сыйға тарта аласыз. Себебі, жасөспірімдер сәнді нәрселерді жоғары бағалайды.

Әкеңізге қарапайым оятқыш немесе компьютер алдында көп уақытын өткізетін болса, арқаға арналған массажер және классикалық жанрда жазылған әртүрлі кітаптар мен үнтаспаға жазылған әдемі әуендер сыйласаңыз болады.

Сүйіктіңізге өз қолыңызбен тоқылған қыстыгүні киетін мойынорағыш, немесе әдемі қолғап сыйлай аласыз. Сүйікті жігітіңізге өз қолыңызбен жасалған сыйлықтан асқан бағалы сыйлық болмас.

Сөз соңында айтарымыз сыйлықтың бағасы немесе көлемі маңызды емес. Бастысы — ниеттің тазалығы. Есіңізде болсын: кішкентай сыйлықтың өзімен адамды қуантуға болады. Ал, егер одан көбірек қаражатыңыз болса — тіптен жақсы. Тек, қиялыңызға ерік беріңіз!

Жігіттер, кімге қандай сыйлық алған ұнайды және қай уақытта?