Еркектердің миы әйелдердікінен екі есе ерте қартаяды

Мажар елінің ғалымдары еркектердің миы әйелдердікіне қарағанда екі есе ерте қартаятыны туралы тоқтам жасады. Соның салдарынан ерлер көбіне түрлі дерттерге жиі шалдығады екен.

«University of Szeged» ғалымдары әр жастағы 53 ер адамның, 10 әйел адамның миына зерттеу жүргізген. Тәжірибеге алынғандардың орта жасы 32-ні құраса, ең үлкені 58-де, ең жасы 21-де болған. Зерттеу нәтижесінде, ер адамдардың жасы келе ми асты орталығының жұмысы баяулайтыны анықталып отыр. Сондай-ақ, қимыл-қозғалысты реттейтін жасушалары өле бастайды. Ми асты орталығының қартаюы салдарынан қимыл-қозғалыс қана емес, көңіл-күй мен ақпаратты өңдеп отыратын таламустың да жұмысы бәсеңдейді екен.