Адамдар неге көктемде ғашық болғысы келеді?

Осы соңғы жылдары байқап жүрмін, адамдардың көпшілігі көктем басталысымен жігіт немесе қыз іздей бастайды екен, личино өз басымды айтсам, көктемде "танысайық, кездесейік" дейтіндер әдеттегіден көп болып кетеді. Бұл жай ғана айналаның бәрі әдемі бола түсетіндіктен бе, әлде, адамдардың еркінен тыс болатын құбылыс па? Сіз көктемде қандай сезімде боласыз?

Менің жүрегім мезгіл таңдамайды. Ғашық болғысы, жақсы көргісі келсе "алты секунд".)))
Көктем - табиғаттың оянатын, жаңа өмір бастайтын шағы ғой. Ал адам табиғаттың төл баласы, онымен жаны егіз. Өзі байқамаса да табиғаттағы күллі құбылыс атаулы оның да бойынан көрініс табады. Сондықтан жаңа өмір бастайтын адам көктемде бұрын орындалмаған армандарының орындалуын, әсіресе жартымды кезіктірсем деп тілейтін шығар. Ал адамның ойы, қалауы шындыққа ұласып жататынын ескерсек, көктемді нағыз ғашық болатын кезең деп қабылдауға болады.
Меніңше, бұл ауа райына байланысты ағзада болатын өзгерістерге байланысты...