Зерттеу: қазіргі уақытта артық салмақтың денсаулыққа келтіре

Зерттеу: қазіргі уақытта артық салмақтың денсаулыққа келтірер зияны аз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дания ғалымдары қазіргі уақытта артық салмақтың 40 жыл бұрынғыға қарағанда адам денсаулығына келтірер залалы азайған, деп санайды. Олар 1970 жылдардан бергі Дания тұрғындарының бойы, салмағы және өлім деңгейін зерттеп осындай тұжырым жасаған, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Ғалымдардың зерттеуі Journal of the American Medical Association журналында жария етілді.

Олардың ойынша, қазіргі уақытта артық салмақтан өлу азайған. Ол медицинаның дамуына қатысты. Мысалы, қазір денсаулық сақтау саласы жоғары қысымға қатысты ауруларды жақсы емдейді.

1970-ші жылдары семіздікке шалдыққан адамның өлу ықтималдылығы жоғары болған.

1970-ші жылдардағы дене салмағының оңтайлы индексі, яғни салмақ пен бойдың ара қатынасы, өлу қатері төмен адамдар үшін 23,7 болды. Бұл бойы 1,83 метр, салмағы 77 килограмм ер адамға немесе бойы 1,65 метр, салмағы 65 килограмм әйел адамға қатысты.

1991-1994 жылдары оңтайлы индекс 24,6-ға өсті. 2003-2013 жылдары - 27-ге жетті. Бұл ерлердің оңтайлы салмағы 14 келіге, әйелдер үшін - тоғыз келіге артқан.

Алайда дәрігерлер қазірге дейін ескі саралауды пайдаланады, онда 25-тен жоғары индекс артық салмақты, 30-дан жоғары - семіздікті білдіреді. Ғалымдар оларды қайта қарау керек деп санайды. Толық адамдарға артық салмағы үшін уайымдамауға және арықтауға кеңес береді.