Машинаға ұқсайтын орындық туралы естідіңіз бе?

Лондонда өткен дизайн фестивалінде «Maserati» компаниясы «Zanotta» жиһаздар студиясымен бірігіп жасаған туындыларымен таныстырды. Бұл таныстыру осыдан бірнеше жыл бұрын бас қосқан екі бренд жұмысының ең үздік нәтижесі болды.