Ата-анаңның, бауырларыңның есімі кім?

Есім таңдау көп адамды ойландырары анық. Осы орайда ат қою мәртебесіне ие болған адамдар үшін ата-анамыздың, бауырларымыздың есімі де көмекке келуі мүмкін. Сол себептен осы жерде ата-анамыздың, бауырларымыздың есімін жазып, есімдер жинағын жасайық. Менің әкемнің аты – Сержан, анам – Бәтес, бауырларым – Махаббат, мен (Мейіргүл), Шаттық, Аян, Аят.

Әкемнің аты – Шапағат, шешем – Салтанат. Бауырларым – Арайгүл, Біржан, Айдос, Нұридден
Әкемнің есімі-Қуанышкерей, анам-Нәсіп.Бауырларым-Айдос, мен (Айсана), Аманжан-Ақжан (егіздер)
Мәссаған! Мика! Анаңның есімі Бәтес пе?! Тамаша есім ғой!

Менің әкемнің аты - Жетібай, шешем - Бақытгүл, үлкен ағам - Арман, кіші ағам - Арсен, өзім - Ардақ :)
Әкемнің есімі Ермұханбет, анам Айнагүл , Мен Мейрамбек, інім Асланбек! :|
Сенің де анаңның есімі әдемі екен, Ардақ. Шапағат деген есім де ұнап қалды.
Сағындық+Гүли=Қанатай, Қарлыға, Қанағат, Архат