Жаңа жыл - 2016. Қарды өзіміз жасайық

Уйде, мектепте, жатақханада немесе кеңседе жеңіл әрі жылдам жасалатын жаңажылдық безендірудің бір түрі өз қолымыздан қағаздан қар жасау. Оларды терезелерге жабыстыруға немесе шыршаға ілуге болады. Төменде қағаздан қар жасаудың жолын еске түсіретін боламыз.
Бізге ақ парақ, қарындаш, қайшы, сызғыз және өшіргіш қажет болады.
Ақ парақты квадрат етіп қиып аламыз. Оны екіге бүктейміз.
Тағы да үшбұрышты етіп бүктейміз.
Суретте көрсетілгендей етіп бүктейміз.
Артығын қиып тастаймыз.
Өз қиялыңызбен немесе дайын сызбаларға қарап сурет салып аламыз.
Сурет бойынша қиып шығамыз.
Қағаздан жасалған қарымыз дайын!
Шырша тәрізді түрін де ұсынамыз. Жаңа жылдарыңызбен!