Массагеттен мәзір: жеміс десерті

Бүгінгі материалымызда жемістерден және іркілдектен (желатин) десерт дайындаудың жолын ұсынамыз.
Қажетті азық-түліктер:

- 4 ас қасық қаймақ;

- 2 ас қасық қант;

- іркілдек (желатин);

- жеміс-жидек.




Іркілдекті (желатин) кесеге саламыз.



Алдымен суды қайнатып, суытып қоямыз. Содан соң кеседегі желатинге құямыз. Іркілдек көтерілгенше 30 минуттай шамасында тұруы қажет.



30 минут уақыт өткен соң кесені буға қойып іркілдекті араластыра отырып, еріген соң аламыз.



Келесі ыдысқа қаймақты және қантты салып, қант еріп кеткенше жақсылап араластырамыз.



Қаймақпен іркілдекті біріктіреміз.



Өзіңіз қалаған мөлшерде кез келген жеміс-жидек алуыңызға болады. Мен 1 мандарин алдым.



Мандаринді десерт дайындалып жатырған ыдысқа салып, кесені суықтау жерге 20 минутқа қоямыз.



Уақыт өткен соң, кесені алып жылы суға бір батырып аламыз. Содан соң, кесені тәрелкеге төңкеріп қойып, десертті түсіреміз.



Шокаладты үккіштен өткізу арқылы безендірсеңіз болады.



Жеміс десерті дайын. Астарыңыз дәмді болсын!