Жанжабіл мен жүзім қосылған глинтвейн

Ингредиенттер:

- 1,5 л қызыл шарап;
- 3 апельсин;
- 15 қалампыр;
- 1 лимон;
- 5 ас қасық қант;
- 2 даршын таяқшасы (4-5 см)
- 5 см жанжабіл үзімі;
- 50 грамм жүзім керек.

Дайындалу жолы:

1. Бір апелсиньді толық қалдырып, қалған екеуін 4 бөлікке бөліп кесіңіз.
2. Лимонды да төрт бөлікке бөліп қойыңыз. Ал жанжабіл үзімін тазалап, екіге бөліңіз.
3. Апельсин қабығына қалампырларды қадап қойыңыз.
4. Содан соң оны кәстрөлге салып, оның үстіне апельсин бөліктерін, лимон, жанжабіл, жүзім, даршын секілді ингредиенттерді қосыңыз.
5. Кәстрөлді баяу жанып тұрған отқа қойыңыз. Жақсылап араластырып, қант себуге ұмытып кетпеңіз.
6.70-80 градус температураға дейін қыздырып, былғаңыз.
7. Шарапты қайнатудың қажеті жоқ. Буы көтеріліп бастаған кезде бірден оттан алыңыз.
8. Бетін жауып, глинтвейнді 20-30 минутқа қалдырыңыз. Дайын болған соң оны жылуға шыдамды стақанға құйып ішіңіз.