Дипломдық жұмысты қалай жазу керек?

Жоғарғы оқу орындарында бітіруші түлектердің ең басты мәселесі – дипломдық жұмыс жазу дәстүрі. Жыл сайын бітіретін студенттердің түрлі тақырыпта зерттеу жасап, оны жүйелеп, ғалымдардың алдында қорғау арқылы оң баға алуы қиынның қиыны. Дегенмен диплом жазу сіз ойлағандай үлкен мәселе де емес. Өйткені жазуға керекті дүниелерді реттеп алсаңыз болғаны, сіз дипломдық жұмысты жазуға дайынсыз. Біз сізге диплом жазуға керекті кеңестерді ұсынамыз.

«Уақытым бар демеңіз...»
Бұл диплом жазуға кіріспес бұрын басыңызда жүретін ой. Ешқашан уақытым көп, әлі бес-алты ай бар демеңіз. Өйткені уақыт сізге де бізге де бағынбайтын ағын су секілді. Ерте бастан жазып, оны тексертіп алу – сіз үшін зор мүмкіндік.

Тақырып таңдай білу
Сіздің жұмысыңыздың ең өзекті тұсы тақырып болу керек. Таңдаулы тақырып диплом жұмыстың сапасын арттырады. Тіпті талғамға сай тақырып арқылы да оқырман мен тыңдаушының пейілін өзіңізге қаратып ала аласыз. Тақырып екі түрлі бағытта болады: жетекші берген тақырып және өзіңіз қорғауға алғыңыз келген тақырып. Өзіңіз сүймейтін, түсінбейтін тақырыпты ешқашан алмаңыз.

Жалғасы: http://massaget.kz/layfstayl/bilim/stud ... mir/40748/