Дулат және Махамбет ақын шығармаларының әдеби тілге қосқан ү

Дулат және Махамбет ақын шығармаларының әдеби тілге қосқан үлесі қандай? негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Ұлт тарихындағы жарқын тұлғалардың бірі – Махамбеттің батырлық даңқын ақындық қуаты да арттырып, биіктете түскен. Қазақ әдебиеті тарихында Махамбет ХІХ ғасырдағы белгілі оқиғаның жаршысы – насихатшысы болуымен бірге ел-жерге, өмір-уақытқа, адам әлемі мен оның құндылықтарына қатысты көңілдің күйін, жүректің сырын өлең-жыр тілімен де жеткізгені жөнінде мысал-деректер көп-ақ.
Махамбет поэзиясы – ұлт мұратын, ел-жер тағдырын, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді әр алуан қырларынан көрсетуімен маңызды.
Махамбеттің ақындық өнері:
* Ұлт мұратына адалдықтан;
* Ел-жер қадіріне құрметпен қараудан;
* Адамдық істі ардақтаудан;
* Елді-батырлық әрекетті қолдап, қамқорлық көрсетуден;
* Дос-дұшпан, жақсы-жаман арақатынасын әділ таразылаудан т.т. тұрады. Ең негізгісі, қоғам, өмір-уақытқа көзқарас жүйесі берік те
Сенімді. Адам әлемін ашудағы ақындық қуаты, қолтаңба мәнері айқын, батырлық-ерлік істері – ғибратты, бүгін мен болашаққа, өмірге құштарлығы шексіз. Махамбеттің ақындық өнерінің терең мәні, бай мазмұны мен асқақ рухы да осы тұстан көрінеді. Өмірдің өшпес өнегелерінің бірі осы.
Махамбеттің поэзиясы: қоғам құбылыстарының мәнін, кезең көріністерінің сырын, өмір уақыттың шындығын, адам әлемінің мың сан иірімдерін бейнелі, көркем, нанымды жеткізеді. Ақынның адам мұраты, өмір-уақыт сырлары, тұрмыс мәні турасындағы көзқарас жүйелері – «Жалған дүние» өлеңінен кеңінен көрінеді:
Қоғалы көлдер, қом, сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?
Ақын осы өлеңі арқылы – Адам, өмір мұратын, арулар ақиқаты мен батырлар бейнесін, тұлпарлар тағдырын, уақыт-тұрмыс сырларын әлеметтік-философиялық деңгейге көтерген,риторикалық сұраулар арқылы өздігінше түйін-тұжырымдар жасайды. Ұлтқа, ұрпаққа-ұлағат қалдыру, мұратты-ғибратты іске ден қою-ақын мақсаты. Ғапыл дүниенің салмақсыз сырын ашу, болмашы іске-малданбау, даңқ пен дақпырт арақатынасын ашу «Жалған дүние» өлеңінің тұтастай табиғатын, болмысын ашады. Өлең мұраты да өмір-уақыт ақиқаттарын айту арқылы қоғам-кезең шындықтарын, адам әлемі мен дүние сырының мән-маңызына ден қою болатын. Өлең табиғаты мен рухани байлығынан бұл міндеттің мерейлі биікке көтерілгені толық танылады.
Ақын мұрасында – «Арғымақтан туған қазанат», «Арғымақ сені сақтадым» сынды өлеңдер қазақ сахарасына тән кеңдік-тереңдікті, адам әлемін, батырдың биік тұлғасын, жақсы-жаман, дос-дұшпан орнын, өмір-тұрмыс сырларын «Ер қанаты-ат» сипатын сабақтастықта,сергек те серпінді суреттейді.
Сондай-ақ, Махамбеттің бұл өлеңдерінен кертартпа қоғамның, феодалдық дәуірдің көрініс-құбылыстары терең танылды. Ақын азаттық жолындағы күрес-көтерілістердің ұраншысы, ту ұстаушысы бола жүріп адам мұратын, өмір-уақытқа көзқарасын өткір ұшталған үкілі найзасымен де, асыл сөз, өткір тілімен де еркін, көркем жеткізе білді.
Ақын, әсіресе Ұлт мұратын басты тұғыр тұтып: Адам әлемін айқара ашады, тау-даланы асқақтатады. Елдік-ерлік рухты биік белеске көтереді. Жақсы-жаман, дос-дұшпан арақатынасына бірікпес белгі қояды. Сол арқылы адам, өмір мұратын алдыңғы кезеңге шығарады. Махамбет өлеңдерінде өмір-уақыт мәні, адам мұраты мен орны асқақ романтикаға, реалистік сипатқа ие болғанын да айқын аңғарар едік ( «Айғайласып жауға ти», «Арқаның қызыл изені», «Жалған дүние», «Жалғыздық», «Тілек», «Ұл туса» т.б.).
Махамбеттің ақындық өнеріндегі адам орны, өмір мұраты, халық тұрмысы, отаршыл елдің өктем озбырлығы, дос-дұшпан сипаттары кім-кімге де таныс, қалың көпке ортақ жайттар ретінде көрсетіліп, бұл тақырыптар – ақиқат көзқарас, тәжірибе тәлімі арқылы бейнелі, нанымды сөз етіледі.
Махамбеттің ақындық өнері – жанрлық тұрғыдан лиро-эпикалық түрге өте-мөте жақын. Ақын ақсүйек феодалдарға найза-қылышымен де, жалынды жыр-өлеңдерімен де қарсылық көрсеткенін назарда ұстасақ, осы мақсат-міндеттер – тарихи шындықты, өмір оқиғаларын, адам әлемін, хан-сұлтандарға қатынас-көзқарастарын бейнелеу-суреттеу тұстарында айқын аңғарылады. Ақын мұрасындағы лирикалық туындылар табиғатына қатысты белгі-ерекшеліктер – әлеуметтік-таптық сипаттар, азаттық-күрес идеясы, риторикалық сұрау түрі, фольклорлық мұң-шер үлгілері, үгіттік-философиялық бағыт-мұраттар, суырып салмалық әдіс-сарындар т.т. көптеп кездеседі.
Жоғары дамыған поэзияның басты белгілерінің бірі - поэтик. образдар жүйесінің әр сипатты, алуан түрлі болып келетіндігі. Поэтик., образдар жасаудың тілдік механизмі, яғни образдың тіл арқылы берілуі де Дулатта дағдыдан тыс, жаңа түрлерімен көрінеді. Мысалы, мағыналары жағынан бір-бірімен тіркеспейтін сөздер болады. Айталық, дерексіз (абстракт) ұғым атауы мен деректі (нақты) заттардың немесе адам мен жан-жануарларға тән сын-сипат пен іс-қимыл атаулары бір-біріне жуыспауы керек. Ал көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде образ жасау үстінде мұндай мағыналық кереғар сездерді тіркестіру - ұтымды көркемдеуші амалдардың бірі болып саналады. Мысалы, Абай «жүрегім менің қырық жамау қиянатшыл дүниеден» дегенінде ауылдары алшақ сөздерден «қырық жамау жүрек», «қиянатшыл дүние» деген соны тіркестер жасаған. Бұл тіркестерді құрап тұрған сөздер тіркесімдік қасиеттері бір-біріне жуыспайтын элементтер: қырық жамау не киім, не төсек-орын болса керек, ал бүл жердегі жүрек сөзі «көңіл, сана-сезім» мағынасында түр, демек, дерексіз ұғым атауы. Соған қарамастан бұлар тіркесіп, «кеп қапа шеккен, зар илеген көңілім, ішкі дүнием» дегеннің соны образын жасауға жұмсалған. «Қиянатшыл дүние» де осы іспеттес. Қиянатшыл адам болса керек еді, бірақ, Абайдың дүниесі қиянатшыл сипатқа ие болып түр. Міне, осы тәсілді кепке дейін Абайға орыс әдеби тілінің әсерінен пайда болған тың амал деп келдік, өйткені бүл 19 ғасырдағы орыс поэзиясында кеңінен өріс алған ұтымды тәсілдердің бірі болғаны аян. А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтарды оқып, игеріп, оларды аударуға барған Абайдың назарына, әрине, орыс тілінің көркемдеу амалдары ілігуі мүмкін. Бірақ дәл осы тұста Абайға орыс көркем сөзі емес, қазақтың төл поэзиясының тілі үлгі болған. Ілгерірек уақыттардағы ақын-жыраулар тілінде бүл амал ара-тұра кездесетін болса, 19 ғасыр ақындарында едеуір жандана бастайды. Әсіресе Дулат өлеңдерінен әділетке шелдеу, жырмен жуыну («Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам»), арманды төгу («Күндіз күлкі бермеген. Түнде ұйқы бермеген. Көзінен төкті арманды»), «жетімдіктің белі», «көңілдің құтысы» сияқты тіркестердің сонылығы осылар қатысқан өлең жолдарының экспрессиясын (әсерін) күшейтіп, бұрын айтылмаған тың образдар жасап түр. Мысалы, «Әкеңнің айтқан аз сөзін «Құтысына көңіліңнің Төгіп алма, дәлдеп қүй» деген жолдарында ақын «көңілдің құтысы, ақылды құтыға құю» деген тіркестерді «қиыннан қиыстырады», өйткені бұлардағы сөздер «түтіні бөлек» дүниелер: құты - нақты зат, сауыт, ал көңіл қолмен ұстап, көзбен керіп, құтыға салуға болатын нақты зат емес, соңдай-ақ оны суша, сүт ше құюға да болмайды. Бірақ поэтика, яғни өлең тілі бұлайша «норма бұзуға» бара алады. Көркемдеу тәсілдерін іздеу, оларды құбылтып отыру - асқан зор талант иесінің, қас шебердің, үлкен ақынның арқалайтын жүктерінің бірі. Жалпы өлең сөздің, оның ішіңде жазба поэзияның да көркемдік сипатын танытатын тәсілдердің және біреуі - белгілі бір затты, құбылысты, іс-әрекетті бейнелей суреттеп, өзгеше атау болса (оны ғылымда перифраздар деп атайды), мұнда да ақынның тапқырлық, әр нәрсенің қыр-сырын танушылық қабілеті күшті болмаққа керек. Бұл орайда да Дулат ақынның сөз құдіретін танушылық қасиетіне тәнтіміз. Мысалы, өткен ғасырдың орта тұсындағы қазақ қауымының мәдени-әлеум. күй-жағдайын бейнелейді. Енді осыларды қорытып, әдеби тілге қосқан үлесі зооооооооор деп бірдене айтасын!!!
70. Шылау түрлеріне тоқталыңыз, шылаулардың функционалдық қызметі мен грамматикалық сипатын айқындаңыз
Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я әр түрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде (сөйлемде) жеке-дара тұлға есебінде қолданылмай, тек толық мағыналы (атаушы) сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз. Көмекші сөздердің лексикалық та, грамматикалық та сипаттары жеке тұрғанда айқындалмай, тек атаушы сөздермен тіркескенде ғана анықталады. Көмекші сөздер жеке-дара тұрғанда дербес лексикалық ұғымдарды білдіре алмайды, тек әр алуан қатыстық мағыналарды ғана білдіреді және оларда синтаксистік жағынан да дербестік болмайды.
Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, немесе белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, оған әр түрлі грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылатын сөздер бар. Мұндай көмекші сөздер шылаулар деп аталады.
Шылау сөздердің толық мағынасы болмағанмен, атқаратын қызметіне тән грамматикалық мағынасы болады. Осымен байланысты шылаудың өзіндік мынадай ерекшеліктері бар:
1. Шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы болмайды;
2. Контексте толық мағыналы сөздердің жетегінде қолданылып, оған қосымша әр түрлі грамматикалық мағына, рең үстейді;
3. Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не салаластыра байланыстырады;
4. Сөйлем ішінде синтаксистік қызметіне қарай жеке сөйлем мүшесі бола алмайды;
5. Шылау сөздер түрленбейді, басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Олар лексикалық мағынасынан айырылу негізінде қалыптасқан көмекші сөздер.
Мысал: Өз ауылына баруға байлаған соң (Әуезов), Ел билеген адам жоқ, Ата менен бабаңда (Абай), Ақырында Нілді мен Қарағандыны Боздақ пен Байжандікі деп тапты.
Шылау сөздер білдіретін әр түрлі грамматикалық мағыналары мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.
Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтар – лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді әр түрлі ыңғайда (мағыналық қатынаста) салаластыра байланыстыратын сөздер: Қадірдің киімі жұқа, әрі денсаулығыы да мықты емес (Мұқанов).Әй, ол жеңер сені, себебі келешек оныкі ғой (Мұқанов). Жалғаулықтар сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің және салалас құрмалас сөйлемнің сыңарларын әр түрлі мағынплық қатынаста байланыстырады. Осындай мағыналық қатынастармен байланысты олар бірнеше топтарға бөлінеді:
1. Ыңғайластық жалғаулықтар: мен (бен, пен), және, да, де, та, те, әрі
2. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, сонда да, әйткенмен.
3. Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде.
4. Себептік жалғаулықтар: себебі, өйткені, неге десең.
5. Себеп-салдарлық жалғаулықтар: сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені.
6. Шарттық жалғаулықтар: егер, егерде, онда.
Қазіргі қазақ тіліндегі септеуліктер сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бірін екіншісіне бағындыра, яғни сабақтастыра байланыстырып, өзінің алдында тұрған толық мағыналы сөздердің белгілі бір тұлғада тұруын талап етіп, әр түрлі грамматикалық, мезгілдік, мекендік, мақсаттық қатынастарды білдіреді. Септеуліктердің атауыш сөздерден дамып шыққаны белгілі, сондықтан кейбір шылаулар –ғы/-гі жұрнақтарын қабылдап, морфологиялық өзгерістерге түсіп, синтаксистік қызмет атқарып, сөйлем мүшесі болады: «Құсты Арал» саяхаты менің сол күнгедейін+гі (қай? анықтауыш)өмірімде елеулі бір белесім еді (Сәрсенбаев).
Септеуліктер, негізінен, есім сөздерге, заттанған есімше мен қимыл атауына тіркеседі. Бұл сөздерге септеуліктер мына тұлғалардан соң тіркеседі:
1. Сөздің түбірі, я негіз тұлғалы сөзбен тіркесетін септеуліктер: үшін, сайын, сияқты, сықылды, тәрізді, турасында, арқылы, бойы, бойымен, бойынша, жайында, жайлы, шамалы, шақты, қаралы.
2. Барыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта, таяу.
3. Шығыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі, бетер.
4. Көмектес септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат.
Ежелгі салт, машық бойынша бұл өңірдегі ағайын зере отырған үйді жатсынған жоқ. (Әуезов). Рақымбайға шейін, күн шартылдап жай түскеннің артындағыдай құп-қу болып, есеңгіреп қалған сияқты (Әуезов). Мына хабар шыққанан бері, өзінен-өзі шоши берді (Майлин). Көкшіл көздері балқыыған мыспен бірге балқып бара жатқандай (Әуезов).
Демеуліктер – өзі шылауында тұрған сөздерге әр түрлі грамматикалық мағына, реңк үстейтін сөздер. Олар модальдық-экспрессивтік сипаты зор, семантикалық мүмкіндігі мол сөздер: Түбірлі сөздің түйіні сенде көрінеді ғой (Әуезов).
Демеуліктердің білдіретін мағыналары сан алуан. Олар өзі қатысты сөздерге я сөйлемге сұраулық, шектік, нақтылық, күшейту, тежеу, болжалдық, күмән сияқты грамматикалық мағыналар үстейді. Демеуліктер негізгі сөзге үстейтін мағыналарына қарай бірнеше топқа бөлінеді:
1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.
2. Күшейтпелі демеуліктер: ақ, ай, ау, әсіресе, да, де, та, те.
3. Шектеу (тежеу) демеуліктер: ғана (қана), тек, ақ.
4. Болжалдық демеуліктер: мыс, міс, ау.
5. Болымсыздық, қарсы мәнді, салыстыру мағынасындағы демеуліктер: түгіл, тұрсын, тұрмақ, құрылым.
6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой, ғой, ды, ді, ты, ті.
7. Қомсыну мәнді демеуліктер: екеш.
Билер ше? Бидің бәрі жемтік емес пе? (Әуезов); қлеңге әркімнің-ақ бар таласы (Абай); қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды (Мүсірепов); жас келіншек те ол десе жанын қоярға жер таппайды-мыс (Есенберлин); Бұл шырақ өшпес түгіл лаулап жанар (Дөнентаев); Енді көрісер-көріспесіміз екіталай ғой (Жұмаділов); Түйе екеш түйесіне дейін егін көрсе, таптап беріп тұрса керек (Кекілбаев).

50. Есімдік – лекска-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде есімдікті орынбасар сөз табы деп те атайды.Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал солұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.
Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздер деп те атайды.

51.Фразеологизм – тілдің сөздік қорының айшықты да, мәнерлі де, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.Фразеологизмдер – жазу, сөйлеу тілінің ажарын кіргізіп, құдіретін артгыра түсетін, көңілдегі көрікті ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік бояу-нақышымен жеткізетін, көркем сөз қазынасында қорланып, қолдануға дайын тұратын, қалыптасқан сөз тіркестері. «Фразеология» деген термин тіл білімінде екі түрлі мағынада – біріншіден, тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ғылым деген мағынада, екіншіден, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Фразеология туралы еңбектерде фразеологизмдердің негізгі үш белгісі болатыны көрсетіліп жүр: мағына тұтастығы, құрылымының тұрақтылығы және қолданылу тиянақтылығы. Бұл белгілердің қатарында фразеологизмдердің бейнелілігі көрсетілмеген. Фразеологизмдердің тұтастығы жай ғана тұтастық емес, бейнелі, мәнерлі тұтастық. Бейнелілік, мәнерлілік фразеологизмдердің басқа белгілері сияқты маңызды белгісі болып табылады. Сөйтіп, фразеологизмдер басқа тіл бірліктерінен төрт түрлі белгі-қасиетімен ерекшеленеді: 1) құрылым тұрақтылығы. 2) мағына тұтастығы. 3) даяр қалпында қолданылу тиянақтылығы. 4) бейнелілігі, мәнерлілігі. Осы белгілер фразеологизм атаулының бәріне тән, тек бірінде толық, бірінде солғын болуы мүмкін. Фразеологизмдердің жоғарыда көрсетілген белгілерін құрылымы немесе мағынасы жағынан оларға ұқсас басқа тіл бірліктерімен (еркін сөз тіркестері, күрделі сөздер, сөйлемдермен) салыстырғанда айқын көруге болады. Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы. Бірінші айырмашылығы. Еркін сөз тіркестері сөйлеу кезінде сөздердің мағынасы жағынан өзара үйлесе отырып, кем дегенде екі сөздің грамматикалық жолмен еркін тіркесуінен жасалады, бірақ еркін сөз тіркестерінің құрамы тұрақты болмайды. Олардың құрамындағы сөздерді мағынасы, айтылуы жағынан солармен үйлесетін басқа сөздермен айырбастауға, орнын ауыстыруға болады.Ал фразеологизмдерге келсек, олар да кем дегенде екі сөздің тіркесуінен жасалады, бірақ олардың құрамы тұрақты.Екінші айырмашылығы – фразеологизмдердің мағына тұтастығында. Фразеологизмдер мағына тұтастығын сақтайды, фразеологизмдердің мағыналық тұтастығы құрамындағы сөздердің жеке мағыналарына тәуелсіз. Фразеологазмдердің мағыналары құрамындағы сөздердің лексикалық мағыналарымен сәйкеспейді, яғни лексикалық мағыналардың жиынтығы емес. Фразеологизмдік мағына дегеніміз – құрамындағы сөздердің не жеке бір сыңарының лексикалық мағыналарының қайта жаңғыртылған жинақты мағынасы. Сол себепті фразеологизмдер семантикалық жағынан біртұтас тіл бірлігі ретінде қолданылады.Тіпті фразеологизмдердің құрамындағы сөздердің лексикалық мағыналары анық байқалғанның өзінде, фразеологизмдердің мағыналары семантикалық біртұтастығынан айрылмайды.Үшінші айырмашылығы – фразеологизмдердің даяр қалпында қолданылу тиянақтылығында. Оған негіз болған фразеологизмдердің жоғарыда айтылған құрылымдық тиянақтылығы мен мағына тұтастығы. Осы белгілердің сақталуы нәтижесінде фразеологизмдер даяр тұрақты тіркес сипатына ие болады. Фразеологизмдер сөйлеу кезінде, қарым-қатынас үстінде жасалынбайды, біртұтас тіл бірлігі ретінде даяр қалпында жұмсалады.Сөйлеуші бұларды сөйлеу үстінде өздерінше өзгерте алмайды. Олар осы қалпында адамдардың жадында сақталған, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, даяр қалпында қайталанып отырады.Ал еркін тіркестер керісінше сөйлеу кезінде, қарым-қатынас үстінде құрамындағы сөздердің өзара үйлесіп еркін тіркесуі арқылы жасалады. Еркін тіркестердің мағыналары құрамындағы сөздердің лексикалық мағыналарына тәуелді, яғни фразеологизмдердей қайта жаңғыртылған мағыналар емес.
Төртінші айырмашылығы – фразеологизмдердің көпшілігіне мәнерлілік, айқындық, бейнелік қасиет тән екендігінде. Бұл қасиет фразеологизмдердің стилистикалық мәнін аттырады. Бесінші айырмашылығы – еркін тіркестер бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көнеді.Ал фразеологизмдер әдетте бір тілден басқа тілге сөзбе-сөз аударуға көнбейді, оларды басқа тілдегі баламалары арқылы немесе фразеологиялық мағыналарын түсіндіру арқылы беруге болады.Осы сияқты айырмашылықтарымен бірге фразеологизмдер мен еркін тіркестердің жақындасатын жағы да бар. Құрылымы сөйлемге ұқсас фразеологизмдердің құрамы формалды түрде еркін сөз тіркестерінен тұрады.Бұлар фразеологизмдік сипат алғанда, өздерінің еркін тіркестік мағыналарынан айрылып, бейнелі фразеологизмдік мағыналарға ие болған. Сөйтіп, бұл арада еркін тіркестердің фразеологизмдерді жасайтын материал болып табылатынын көреміз.Фразеологизмдердің сөзбен жақындығы. Бұлардың жақындығын білдіретін мағыналары мен атқаратын қызметтеріндегі ұқсастықтан көруге болады. Сөздің, фразеологизмге жақындығы екі жағдайда айқын байқалады.Бірінші, тілдегі әрбір дербес мағыналы сөз лексикалық бірлік ретінде жеке тұрып, белгілі бір ұғымды білдіріп, даяр қалпында қолданысқа түсіп отырады. Сөйлеу үстінде белгілі бір затты, құбылысты, әрекетті қалай атаймыз деп жатпаймыз, ұрпақтан-ұрпаққа белгілі даяр атаулармен атаймыз.Яғни еркін тіркес сияқты сөз атау ретінде сөйлеу кезінде, қарым-қатынас үстінде жасалмай, даяр қалпында жұмсалады.Екінші, лексикалық бірлік ретінде сөз де фразеологизм тәрізді бір ұғымды білдіреді, яғни ұғымын білдіруі жағылап сөз бен фразеологизмнің арасында ұқсастық бар. Осы ұқсастық нәтижесінде фразеологизмдер лексикологиямен жақындасады.Сөйтіп, жоғары айтылғандардан фразеологизмдердің екі жақты құбылыс екенін, екі жақтылығын көреміз.Фразеологизмдердің сөйлеммен арақатынасы. Фразеологизм мен сөйлемнің құрылымдық жағында формалды лексикалық, ұқсастық бар. Фразеологизмдерде жай, құрмалас сөйлемдер сияқты құрылымдар кездеседі.Фразеологизм мен сөйлемнің айырмашылығы лексика-семантикалық және синтаксистік қызметіне байланысты. Сөйлемнің негізгі функциясы коммуникативтік. Сөйлем – тілдің коммуникативтік бірлігі, синтаксистің объектісі. Ал фразеологизм ұғымды бейнелеп, мәнерлеп немесе тұспалдап, астарлап білдіретін лексика-семантикалық бірлік, ол осы жағынан лексикалық бірлік – сөзге, сол арқылы лексикологияға жақын. Сөйлемді синтаксистің объектісі ретінде мүшелеуге, сөйлем мүшелеріне талдауға болады. Фразеологизмдер лексика-семантикалық идиомалық бірлік болғандыктан, өз ішінен мүшеленбейді, тұтасымен бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.Фразеологизмдердің жоғарыда талданған белгілерінің универсалдық сипаты жөнінде «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» былай делінген: «Егер белгілі бір тілде сөз категориясы болатын болса, фразеологизмнің мазмұны мен формасы тіл типіне тәуелсіз осы универсал белгілердің бәрін де сақтайды, себебі фразеологизм сөздердің тіркесуінен жасалатын категория».
52. Етістік сөздер сөйлемнің құрамын, кұрылысын белгілеуде ерекше орын алады. Бұл оның лексикалық, грамматикалық мағынасына байланысты. Етістік сөздің процессуалдық іс-әрекетті білдіруі, іс-әрекеттің болмыстағы қатынасының мол болуы осыған себеп.
Етістік сөздер басым компонентретінде сөз тіркесін кабысу, матасу, меңгеру амалдары арқылы құрайды. Қабысу мен матасу амалын жұмсауда сан мөлшері жағын ескергенде, есімді тіркеспен етістікті тіркес тек епал-шақтық жоқ: қызыл қалам, шай қасық — кеше келді, қаламның ұшы — інімнің келгені т. б.
Бірақ меңгеру амалы түр жағынан да, жиілік жағынан да етістік тіркесте өте мол көрінеді.
Бірақ етістік сөздердің өзі іштей тіркестік қабілеті—тіркесу амалдарының түр-түрін пайдалануы, бір амалдың өзінің түрлерін қолдануы бірдей емес. Әр етістік сөздің тіркестік кабілеті оның грамматикалык формасына, лексикалық мағынасына байланысты. Тіркестік қабілеті жағынан етістіктер ең алдымен субстантивті-қимыл атауы болатын формалары мен ол формалары жоқ калпына карай ерекшеленеді. Субстантивті формалар (есімше, тұйық рай) бағыныңқы сөз бен матасу арқылы байланыса алады, ол форманы алмаған етістіктер бағыныңқы компонентті матастырып тіркестіре алмайды: бұлттың сейілгені — бұлттан сейілді.
Етістіктерді тіркесу кабілеті жағынан өзара ажырататын, бөлетін тағы бір жай—олардың салт сабақты болуы. Сабақты етістіктер бағыныңқы сөзді табыс септік формада меңгере алады, салт етістік бұл тұлғадағы сөзді меңгере алмайды.
Етістік сөздердің әрқайсысы өз мағынасына сай тіркес құрау қабілетіне ие болатыны тағы бар. Мұнымен қатар етістіктер мағыналық топтарға қатысы жағынанда түрлі тіркестік сапаға ие болып жатады.
ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІЕтістікті сөз тіркестеріне қабысу амалы арқылы бағыныңқы компонент ретінде қатысатын сөздер мыналар: сын есімдер, сан есімдер, көсемшелер, үстеулер, еліктеуіш сөздер.
Етістікті сөз тіркесіне бағыныңкы болып сын есімдер жаппайеркінқатысабермейді. Етістікпен мол тіркесетіндер -дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз жұнақтарыарқылыжасалғансынесімсөздер:сынаптай құбылды, шайдай ашылды, дамылсыз сөйледі.
Сапалык сын есім сөздердін. бағыныңқыболыпетістіктісөзтіркескекіруіаз. Бұлардыңкөбікүрделікөсемшеніңшегерілуінегізіндеқалыптасқан: (ұзын қылып кесті—ұзын кесті, қалың болып шъқты—қалың шықты), Сын есімді қабыстырыпкатыстырғанетістіктісөзтіркестеріпысықтауыштыққатынастыбілдіреді.
Сан есімдер етістікті сөзтіркесіненегізінендүркіндік, көлемдікмағыналы рет, есе сөздерініңжетегіндекірігеді: екі рет сүңгіді, екі есе өлшеді. Тек ауызекі сөзденемесеосыстильгееліктегенжазбатілдесанесіметістікпентікелейқабысыптіркеседі: ол ұзағанша артына үш қарады. Соңғытіркес—толықварианттыңшегерілгентүрі. Үш рет қарады — үш қарады.[27-б]

ҮСТЕУСӨЗДІҚАБЫСТЫРАҚАТЫСТЫРҒАНЕТІСТІКТІСӨЗТІРКЕСТЕРІҮстеулерқимылғатәнамалды, сапаны, мезгілді, мекендіатайтынсөздерболғандыктан, оларетістіктерменмолтіркеседіжәнеоларморфологиялықөзгеріскетүсеалмайтынболғандыктанетістікпентекқабысыптіркеседі. Тіркескенүстеусөзбенетістікмынадаймағыналықкатынаста тұрады:
1. Мезгілдік — жаңа қарады, ерте бітті, биыл көшті. 2. Мекендік — әрі отырды, кері бұрылды т. т. 3.Амалдық — шапшаң көнеді, бастан-аяқ айтты, қасқырша ұлиды.[28-б]
Есімді сөз тіркестері[1] — сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есімсияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.
• Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.
• Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).
Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.