Қортпалар мен металдардың классификациясы, маркировкасы

Түсті металдардың маркировкасы оның біртекті еместігінің әсерінен қиындық туғызады. Титан мен марганец қорытпалары арнайы қорытпалар тобына жатады, сондықтан олардың маркировкасы әріптік-сандық түрде болады. Бірінші орынға қорытпа түрінің сандық белгіленуін қояды (ВТ немесе ОТ – титандық, МЛ – магнийлі құймалық, МА –магнийлі өзгеріске ұшырайтындар, Ц- мырышты), екінші орында қорытпаның реттік нөмірі тұрады. Қалған қорытпалар екі еселі маркировкаға ие: жаңа заманғы және дәстүрлі. Жаңа заманғы маркировка легирленген болаттардың маркировкасына ұқсас: бірінші орында қорытпаның әріптік белгіленуі тұрады (Ж- жез, Қ- қола, Н – мысты-никельді қорытпалар, АҚ – алюминийлі құймалық, АК немесе Д, немесе АВ, немесе В- алюминийлі құймалық, Б - баббиттер ). Ары қарай легирлеуші компоненттің әріптік белгіленуі мен оның орташа пайыздық құрамы белгіленеді. Легирлеуші компонент оның орысша атауының бірінші әрпімен белгіленеді (А – алюминий, Ж – темір, К – кремний, Мц – марганец, Н – никель, О –қалайы, С – қорғасын және т.б.). 2000 жылға дейін шығарылған техникалық құжатнамалар мен техникалық әдебиеттерде негізінен дәстүрлі маркировка қолданылатындықтан біз оны қарастырамыз.Титан негізді қорытпалар. Титан қорытпалары азғантай тығыздықта жоғары коррозиялық беріктік пен мықтылыққа ие. Ең көп таралғандары алюминий, қалайы, марганец, хром және ванадиймен легирленген қорытпалар. Өндіріске жіберілген қорытпалардың механикалық құрамдары төмендегі кестеде келтірілген.Алюминий негізді қорытпалар. Алюминийлі қорытпалар орташа легирленген болаттардың қасиеттеріне жақын қатысты үлкен салыстырмалы беріктікке ие. Қорытпалар құймалық және өзгеріске ұшырайтындар деп бөлінеді. Құймалық қорытпалар жақсы құймалық қасиетке ие, жақсы кесіледі. Өзгеріске ұшырайтын қорытпалар қанағаттандырарлық әсемдікке, жоғары коррозиялық тұрақтылыққа ие, жақсы кесіледі, қорытпаның көп бөлігі термоөңдеумен нығаяды. Өзгеріске ұшырайтын қорытпалар азғантай ауырлықты көтеретін, бірақ коррозияға қарсы жоғарғы қарсылықты талап ететін, негізінен конструкциялық элементтерді дәнекерлеу және жабыстыру үшін пайдаланылады.Алюминий техникалық қорытпалары . Алюминий балқытылған тұздардың электролизімен алады , балқытылған криолит арқылы тұрақты электрлік ток өткізе , қайсыда топырақтағы алюминий тотығы ерітілген . Балқытылған криолит келесі схемамен диссоциироланады:мыс негізді қорытпалар.Мысты қорытпалар жоғары механикалық қасиеттерге ие, тозуға және коррозияға жақсы төзімді. Құйма және деформацияланатын болып екіге бөлінеді. Легірленуіне байланысты жез (ГОСТ 15527 – 70) (негізгі легірлендеруші компоненті – цинк), қола (ГОСТ 493 – 79, ГОСТ 613 – 79) және мысты-никельді қорытпа.Белгіленулері келесі түрде болады. Жез Л әрпімен белгіленеді , ал қола – Бр. Жездің белгіленуінде Л әрпінен кейін легірлеуші компоненттер көрсетіледі, содан кейін мыстың массасының пайыздық құрамы, кейін тізіліп – легірлеуші компоненттердің массаларының пайыздық құрамы, цинктікі қалғаны. Мысалға, ЛМцЖ55-3-1 – жез, мыс – 55%, марганец – 3%, темір – 1%, цинк – қалғаны. Құйма жезде кейде мыс құрамы көрсетілмейді, бұл компоненттің құрамы бірден оның белгіленуінен кейін жазылады, мысалға ЛЦ30А3 – құйма жез, цинк – 30%, алюминий – 3%, мыс қалғаны. Жезде Бр әріптерінен кейін легірлеуші компоненттерінің белгіленуі болады, кейін тізбектей легірлеуші компонеттердің массасының пайыздық көрсетулері, ал көрсетілмегені мыстың массасының көрсетуі. Мысалға: БрОЦC4-4-2,5 – қола, қалайы – 4%, цинк – 4%, кремний – 2,5%, қалғаны мыс. Құйма қолада компоненттің құрамы белгіленуінен кейін қойылады, мысалға БрО4Ц4С17 – құйма қола, қалайы – 4%, цинк – 4%, кремний – 17%, мыс қалғаны.Антифрикционды қорытпалар. Сырғанау подшипниктерін құйып қалыптау үшін қолданылады. Олардың үйкелу коэффиценті төмен болуы керек, қажетті түрде иілгіш және мықты болуы керек, бірақ олардың мықтылығы подшипниктердің белдіктерінің белгіленген мықтылығынан төмен болуы тиіс. Қалайы немесе қорғасын (баббиттер), мыс, алюминий, цинк негізді қорытпалары қолданылады.Баббиттер Б әрпімен белгіленеді, кейін қалайының пайыздық көрсеткішін көрсететін сан қойылады, немесе қорытпаның құрамына кіретін элементті сипаттайтын әріп қойылады. Мысалға: Б83 – қорытпада 83% қалайы бар, БТ – қорытпада теллур бар, БН – никель құрамды қорытпа, БК2 – кальций бар құрамды қорытпа. Б83 және Б8 қорытпаларының негізі қалайы, БН, БТ, Б6, БКА, БК2 қорғасын. Қолдану аясы келесі кестеде көрсетіген.Жоғары қасымда ( 1000 МПа жоғары) жұмыс істей алатын подшипниктердің кірікбеттерін жасау үшін қорғасынды қоланы қолданады, мысалға БрС30. Қалайы және мыспен легірленген алюминий қорытпалары, – АО3-1, АО9-2, АО20-1, никельмен – AH2,5. Алюминий және мыспен легірленген цинк қорытпалары, – ЦАМ10-5, ЦАМ9,5-1,5.