"Мен жастарға сенемін" IV патриоттық форумы өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың төртінші патриоттық форумын өткізеді. Ақпараттық серіктесі – «Қазақ радиосы», «Нұрмедиа» холдингі.