Баға құнды емес, бала құнды

Мектеп өмірінде ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас жыл өткен сайын күрделеніп келеді. Өйткені, практикадан теорияға қарай ығысып бара жатырмыз. Ұстаз өз міндетін қалтқысыз орындаса, оқушы да қатардан қалмаған болар еді. Ұстаздар қауымының назарына Алма Қыраубаеваның шәкіртке деген ыстық көзқарастағы 20 тоқтамды ұсынбақшымыз. Бұл тоқтамды ұстаздар қауымы есте сақтағаны жөн.