Омыртқа саулығы – жалпы деннің саулығы

Омыртқа аурулары қазір жер бетінде тірек-қозғалыс жүйесіндегі ең көп тараған аурулардың бірі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда, бұл ауруға әлем жұртшылығының 80 пайызы шалдыққан. Бір жаманы, жыл өткен сайын бұл аурумен ауыратындар арасында жастар саны артып келеді.