Стив Джобстың соңғы хаты

Мен іскерлік өмірде шеберлік шыңына шықтым. Өзгелер көзімен қарағанда, менің өмірім тек жетістіктерден құралған тәрізді. Бірақ, қызмет төңірегінде жағдайым аса мәз емес болды. Түптің түбінде, байлық – өмірдің бір бөлігі ғана екенін түсіндім, оған менің етім үйренген.

Дәл қазіргі сәтте, науқас төсегінен тұра алмай жатқанымда мына нәрсені ойға алдым. Байлықтың буына мастанып, бір күні өліммен бетпе-бет келерімді ескергемеген екем. Тас түнекте жансақтау аппаратынан шыққан жасыл сәуле мен шуылдақ дыбыс ажал тынысы жақындап қалғанын сездіртетіндей. Тірнектеп жинаған байлығымыз бар өмірімізге жетерлік екеніне көз жеткен соң ақшадан басқа нәрселерге бас қатыру керек екен, осыны білдім.

Мал-байлықтан да маңызды нәрселер көп екен. Ол бәлкім адамдармен қарым-қатынас, бәлкім шығармашылық, бәлкім жастық арман... Тағдыр бізге сезім берді, әр жүрекке тарататын махаббат берді, ол ақшаға еш қатысы болмауы тиіс.

Жиған-тергенімді өзіммен бірге алып кете алмаймын. Жүрегімде мәңгі сақтап, өзіммен алып кете алатын бір ғана нәрсе болса, ол – жақындарымның махабатынан туған тәтті естеліктер ғана. Тек осы шынайы байлық қана адамға күш-жігер беріп, алға қадам басуға қуат сыйлауға міндетті.

Махаббат мыңдаған шақырымға сапар шеге алады. Өмірде сатқындық жоқ. Қайда барғыңыз келсе, сол бет алған бағытыңыздан таймаңыз. Қол жеткізгіңіз келетін шыңның бәріне талмай шығыңыз. Мұның бәрі де өз жүрегіңізде, өз қолыңызда.

Әлемдегі ең қымбат кереует қайсысы? "Ауру адамның кереуеті"... Өмірде автокөлігіңізді жүргізетін жұмысшы жалдай аласыз, сіздің орныңызға ақша табатын қызметкер де жалдай аласыз. Ал науқас төсегіне сіздің орныңызға жататын адам жалдай алмайсыз.

Өмірде жоғалтқан бұйымдарымыз қайта табылуы мүмкін. Ал бір жоғалтсаң, қайта табылуы мүмкін емес бір ғана нәрсе, ол – "Өмір". Ота жасату бөлмесіне түскен адам әлі күнге дейін бір кітапты оқып аяқтамағанына көзі жетеді, ол – "Салауатты өмір кітабы".

Өмірдің қай сатысында жүргеніміз маңызды емес, бір күні ғұмыр шымылдығы жабылары анық. Артыңызға қалдырар мызғымас мұраңыз – отбасыңызға, жарыңызға, дос-жараныңызға деген махаббатыңыз.

Өзіңізді күтіңіз! Өзгелерге қамқор болыңыз!