Дабылдық шабаданыңыз дайын ба?

Дабылдық шабадан – кез-келген төтенше жағдайда іске асатын барлық заттардың базалық жиынтығы. Ол киім-кешек, дәрі-дәрмек, құрал-сайман, азық-түлік секілді нәрселер түгел сиятын иыққа асатын сөмке. Дорбадағы заттар су жаңа қалпында тұрады және күнделікті тірлікте қолданылмайды, тек төтенше жағдайларда ғана пайдаға жаратуға болады. Төтенше жағдайларға жер сілкінісі, сел, өрт тәрізді тілсіз жауларды жатқызамыз. Ондай жолдарба әр отбасында болуы міндетті.