Форум-эстафета: 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі

8 наурыз сіздің үйде қалай тойланады? Осы жерге өткен 8 наурыз күнгі естеліктерді айтып, суреттерімізді жүктейік! Қай жылғы болса да, бастысы 8 наурыз күнгі сурет болса болды )) Мен жүктеген сурет: Былтыр ұжымдағы ұлдар осылай құттықтаған )) Эстафета таяғын Анараға ұсынамын!

2013 жылдың 8 наурызы мен үшін ерекше күн болды. Сол күні өмірлік жолдасыммен атастырылдым. :lol: Эстафетаның жалғасын Айшаға беремін.
Былтырғы жылы 8 наурызда да, артындағы да, алдындағы да күндерде Ақеркемен бірге болғанбыз, жігіттерсіз) екеуміз бір-бірімізді еркелетіп, тамақтануға бардық, жыр кештеріне, отырыстарға, концерттерге бардық, шашлык жедік, кино көрдік, өсек айттық) Суреттері жанымда жоқ, мынау жұмыстағы ұлдар құттықтаған күні түсірілді
Ойбу, ұмытыппын таяқшаны Есіл еркесіне беремін)
Рахмет)Бір күн бойы архивімді ақтарып отырып, дәл сегізі күні түскен фотоларды таппадым,айыпқа бұйырмаңыздар. Мектепте оқығанда жыл сайын ерекше өтетін еді,ұлдар әр жылы әр түрлі етіп жасап беретін,арнайы шоу ұйымдастыратын.Сол үшін тосын сыйды сыйлағыш сыныптас ұлдардың фотосын салайын десем мұнда размері сай келмей тұр(ұрыспаңыздаршыыыы((() кейін пост етіп жазармын(

Кезекті Нұршат Әлімқызына беремін :evil: