Таңғажайып Жаңа жыл

Бала кезде бәріміз де сиқырға сеніп өстік, қанатты атқа мініп армандарға қол жеткізуді қиялдайтынбыз. Есейдік, тәтті қиялдар ұмыт қала бастады. Бірақ, бүгін сол армандарды еске түсіріп көрейікші! Таңғажайып оқиға орын алғалы отыр, сіздің тілектеріңіз орындалады деп елестетіңіз, қандай арман айтасыз?

Отбасымды алып бүкіл әлемді саяхаттап шыққым келеді дейтін ем...
Отбасымды алып бүкіл әлемді саяхаттап шыққым келеді дейтін ем...

Жарайсың, Қарлыға! Жалпы отбасымен барлық жақта жақсы ғой)
Тағы кімде қандай арман бар?
Жаңа жылды қысы жоқ елде қарсы алып көргім келеді.
Жалпы бұл негізі қызықты идея екен. Бәлкім расымен орындалып қалар, иә? ))) Алда не күтіп тұрғанын білмейміз ғой... Мен бұл күні жанымда жақын жандарым (оларды ішімнен айтайын, рұқсат болса ))) бар... Әдемі үйдің ішінде төрт көзіміз түгел болып отырсақ деп армандайтын ем. Дәл қазір маған басқа ештеңе керек емес сияқты. Ең үлкен арманым - осы. Төрт көзіміз түгел отырған бала кезімде мүлде басқа армандарды айтыппын ;)
Бразилияға барам деп жоспарлап едім биыл қыста, енді келесі жылы міндетті түрде барсам екен))
Арманыңды айтсаң орындалмай қалады дегенге әлі күнге сенемін. Сондықтан мен үшін қиын сұрақ...
Жыл сайын келе жатқан Жаңа жылдан ғажайып тосынсыйлар, үлкен өзгерістер күтеміз. Балалық шақтан қалған әдет қой. Өзгеріп жатқан онша ештеңе жоқ сияқты бірақ.
сессияны жақсы тапсырып, туған қалама жетсем деп тілеймін ;) достарым мен туысқандарымның арасында жаңа жылды қарсы алғанға не жетсін :oops: :D