Жаңа Жылды қалай қарсы алдыңыз?

Жаңа 2012 жыл құтты болсын! Қалай қарсы алдыңыздар? Басыңыздан қандай қызықты жағдайлар өтті?

Мен, әдеттегідей, ата-анам, бауырларыммен бірге үйде қарсы алдым. Аса қатты дайындық жасадық деп айта алмаймын. Себебі, отбасымызбен осы мерекеге бей-жай қарайтындардың қатарынанбыз.
Ақ дастархан басында, теледидар алдында Жаңа Жылды қарсы алдық. Ағайын-туыс, көрші-достардың құттықтаулары, сый-сыяпаттар. 00.00 болғанда неше түрлі отшашуларды көрдік. Тамаша болды!

Міне, осылай, мен 2012-жылды қарсы алдым! :D

Мен де ата-анаммен, туғандарыммен қарсы алдым. Бәріміздің басымыз қосылып, мәз-мейрам болып, билеп, керемет кеш болды. Риза болдым. )
бұл жаңа жыл жаңа таныстықпен басталды мен үшін ) сондықтан, жаман емес ;)
жаңа жылда ұйықтап қалдым 12 ге дейін шыдай алмай. жыл бойы ұйқысырап жүретін болдым ба? :mrgreen:
жаңа жылда ұйықтап қалдым 12 ге дейін шыдай алмай. жыл бойы ұйқысырап жүретін болдым ба? :mrgreen:

Қызық екен))) Мен мұндай нанымдарға сенбеймін. Сізге айтарым, нанымға сенсеңіз де, сенбесеңіз де, Ұлу жылында ұйықтап, аузыңызды ашып жүрмеңіз :)
Бiзде 2 жана жыл бар. Биз 31 желтоксан куни жана жылды уйде отбасымызбен жылдагыдай карсы алдык.БИРАК,Казактын жана жылы-НАУРЫЗ гой. Бул кезде букил дуние жанарып,кулпырып озiндi жайлы сезiнесiн! Жана жыл деп Коктемдi айт.
Мен үшін Жаңа жылды қарсы алу жылдан жылға қызықсыз болып, өзінің мерекелік мәнін жоғалта бастағандай. 2012 жылды қарсы аларда 31-желтоқсанда ауылдағы клубта ұйымдастырылған жаңа жылдық кешке бардым. қызықты ештеңе болмады. Сағат 00.00-ге таянғанда отбасымызбен Елбасының құттықтауын тыңдап, далаға шығып отшашуларды тамашаладық , сыртқа шыққан көршілерімізді құттықтадық. Үйге кіріп дастарханға отырдық. Содан сол :)
Отбасымен қарсы алудың өзі бақыт қой. Бәрі жаныңда, туғандарыңның жаныңда ойнап-күліп жүргеніне не жетсін. :)
Жаңа жылды қарсы алған жоқпыз, ол кеңес одағы кезінде қалып кеткен бәле ғой, - деп барлық туыстарымыз айтып жатыр. Наурыз несімен ұнамайды сіздерге?
Мына жазулардағы көңіл күйге қарап отырмын, соған қарағанда жаңа жыл осы форумның қолданушыларына қажеттілігі үлкен екен да, ал Наурыздың қажеттілігі шамалы екені көрінгендей.