Әдебиеттен кету ерлік пе?

Әдебиеттен кету ерлік пе? Сіз қалай ойлайсыз?
Расында да, дарын, қуатты, толағай, терең, ауыр, түгесілмес, адуынды, айбарлы, жалындай боп келсе де, теңіздің тартылуы секілді адам да айтары таусылған кезде мұны ашық мойындай алса дейсің. Мойындау – ерлік болса, біздің корифей атанып кеткен, энциклопедиялық білімді бойына лықа толтырған, абыз ақын-жазушыларымыздың ішінен «ерлік жасаушылар» неге жоқ деп ойланамыз. Мұны әдебиетке деген адалдық деп айтудың екінші бір ұшы барын мойындауымыз да керек шығар? Сіз не дейсіз?

Меніңше, ерлік! Кету керектігі уақыт өте келе білінеді. Ал кеткісі келмейтіндер жастарға ақылын айтумен айналыссың
Сол ерлікте,меніңше, өзгеге емес, ең бастысы жүрегінің түбінде расымен де мойындаса болғаны
шынында ерлік! батыс әдебиетінде бұл үрдіс бар ғой. тура хаюанаттар әлеміндегі әлсісздің "тақтан" кететтіні сияқты