Есенгелдіден бір тайы кем...

Бала кезімде әжемнен “Есенгелдіден бір тайы кем” деген мәтелді жиі естуші едім...
Әдебиет сүйер қауымға В.Дальдің «Бекей мен Мәулен», М.Есләмғалиевтің «Зерлі тон», Х.Есенжановтың «Жүнісовтер трагедиясы», Ә.Кекілбайдың «Шандоз» кітаптарының кейіпкері ретінде танымал Есенгелді бай шын мәнісінде тарихта болған тұлға. Ол XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Батыс Қазақстан жерінде өмір сүрген.
Есенгелді өмір сүрген жерұйық Жайықтың жағасындағы ел аузында оның есімімен байналысты мәтелдер әлі күнге дейін сақталған. Тәрбиелік мәні тереңде жатқан әр мәтел тек батыс жұртшылығы емес, барша қазақтың құнды қазынасы болуға лайықты.