"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" атты эсселер байқауына қатыс!

Сағындырып күз маусымы да келді. Күзбен бірге жаңа оқу жылына да аяқ бастық. Осы орайда Массагет порталы өз оқырмандарына арнап «Күз туралы күзсіз сөйлемдер» атты эсселер байқауын жариялайды.

Байқаудың негізгі шарты мынадай:

1) Байқауға 15-22 жас аралығындағы жастар қатыса алады;

2) Эссе мейлінше 10 сөйлемнен аспауы тиіс;

3) Жазбаңызда күзге қатысты кей сөздер мүлде болмауы қажет. Нақтырақ айтқанда, күздің немесе осы мезгілдегі жан дүниеңіздің көрінісін «күз», «жапырақ», «сары» сөздерін қолданбай, ықшамды, мазмұнды, жинақы түрде жазғаныңыз жөн;

Жеңімпаздарды анықтау барысында эссенің мұзмұн ерекшелігіне, автордың ойына, стильдік жаңашылдықтарына, сөйлем құрылымына мән беріледі. Мұндай байқау қаламды серік еткен оқырмандарымыз үшін қызықты болады деп ойлаймыз. Күздің әсем бейнесін ерекше теңеулермен, тың тіркестермен, айшықты тілмен әсерлі суреттейді деген үміттеміз. Ендеше іске сәт, қадірлі оқырмандар!

Ескерту:

Үздік шығармалар Massaget.kz сайтының Проза бөлімінде жарияланып отырады (қазылар алқасы үздік деп тапқан шығармалар ғана жарияланады).

Ең көп көрілім жинап, пікір жазылған және қазылар тарапынан үздік деп танылған шығарма авторларына бағалы сыйлықтар мен арнайы сертификаттар табысталады.

Жеңімпаздарды Массагет порталының тілшілері анықтайды. Байқауға қатысатын шығармалар 26 қыркүйектен 26 қазанға дейін қабылданады.

Эсселеріңізді massaget.kz@gmail.com поштасына жібере аласыздар немесе 8 (778) 106 12 51 нөміріне хабарлассаңыздар болады.

Байқау жеңімпаздары 31 қазан күні анықталады.