Шын бақытты болғыңыз келсе ...

Егер шын бақытты болғыңыз келсе, мына қағидаларды естен шығармаңыздар:

1. Бұл өмірде барлығы да уақытша. Егер бәрі жақсы болса — рахаттаныңыз. Өйткені алда не күтіп тұрғанын білмейсіз. Ал егер керісінше болса — көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Себебі бәрі өтеді де кетеді.

2. Ешқашан ешкімге ештеңе түсіндіріп әуре болмай-ақ қойыңыз. Тыңдағысы келмейтін адам бәрібір тыңдамайды және сенбейді. Ал, сізге сеніп, түсінуге тырысқысы келетін адам сізден түсіндірме беруді талап етпейді.

3. Бәріміздің де ең осал тұсымыз — тез беріліп қоюымызда. Кейде белгілі бір мақсатқа жету үшін тағы бір рет көру керектігін ұмытпауымыз керек.

4. Бір істі бастамай жатып берілу — әлсіздік, орта жолдан тастап кету — ақымақтық. Сондықтан бәрін аяғына дейін жеткізіңіз немесе бастамаңыз.

5. Барлық адам да қателеседі. Бірақ өзінің қатесін түсініп, оны түзеуге тырысатын адамдар нағыз мақтауға лайықты адамдар.

6. Қиындықтар — өткен күндер үшін берілетін жаза емес, болашаққа деген байқау.

7. Бір-бірімізді өтірікпен аяғанша, шындықпен ұрған жақсы.

8. Қандай жағдай болса да сіздің орныңызға басқа біреуді іздемейтін адамдарды бағалай біліңіз.

9. Егер аузын ашқан иттің бәріне тас лақтыра беретін болсаңыз, сіз өз жолыңызды ешқашан аяғына дейін жеткізбейсіз.

10. Байлық деген не? Байлық дегеніміз — ата-анамыздың амандығы, достарымыздың адалдығы және сүйген адамымыздың махаббаты.


11. Жүрегіңізді өшпенділіктен босатыңыз. Барлығына да кешіріммен қарап үйреніңіз.

12. Қарапайым өмір салтын ұстаныңыз және қолыңызда бар затты бағалаңыз.

13. Қолыңыздан келгенше көмек көрсетіңіз, бірақ жасаған жақсылығыңызды ешқашан күтпеңіз.

14. Үлкен істің үлкен қиындықсыз болмайтынын естен шығармаңыз.

15. Ағысқа қарсы жүзу үшін балық мықты болу керек. Ал ағыс жылдамдығымен өлген балық та жүзе алады.

16. Анаңызға ешқашан ашуланбаңыз, ауыр сөз айтпаңыз, оның махаббатқа толы жүрегін жараламаңыз. Өйткені ол сізде біреу. Сондықтан оны бақытты қылу үшін барыңызды салуыңыз қажет.

17. Достарды тек ұрыс-керіс, қырғын төбелесте жоғалтпайсыз. Кейбір достарды уақыт өзі жоғалтады.

18. Өкпе-ренішті бірден ұмытыңыз, бірақ жақсылықты ешқашан ұмытпаңыз.

19. Өмірімізге енген адамдар үшін біз біраз өзгереміз. Тіпті өзімізді өзіміз тани алмай қалатын жағдайға жетеміз.

20. Бір кездері арзан адамдарға қымбат сөздерді айтқанымыз үшін өкінеміз.

21. Барлық жағдайдан қашып құтылуға болады, бірақ өзіңіздің ойыңыз бен сезіміңізден қашып құтылу қиын.