Неге жазушылар журналист болады?

Осы сұраққа жауап берсеңіздер? шығармашылықты журналистика асырап жатыр деген пікірмен келісесіз бе?

Осы сұраққа жауап берсеңіздер? шығармашылықты журналистика асырап жатыр деген пікірмен келісесіз бе?


Одан басқа амалдары жоқ та шығар. Тырбанып жүріп жазғанын кітап қылып шығару бір мұң болса, одан қалды жарымды қаламақы да ала алмай дал болмақ. Сосын амалсыздан журналистикаға бет бұрады. Өз кезегінде сол бір жүрістері өз шығармашылықтарын жұтып жатады.

Бүгінгі таңда шығармашылықты журналистика асырап жатыр. Кітап қаламақысымен өмір сүретін жазушы жоқ.

Әділ пікірді жазушылардың өздері айтсын
Журналистикада кім жоқ? Бәрі бар: әртіс, әнші, ақын, жазушы...
Журналистикада кім жоқ? Бәрі бар: әртіс, әнші, ақын, жазушы...


Сырдың қызы дұрыс айтады. Әйтсе де, журналистикада тек қана журналистердің жүргенін қалаймын.
Арине, журналистика саласында тек журналистер журуі тиіс. Жазушыларда мақалаларын жаза берсін!!! менің құптамайтыным әншілердің журуі екі сөздің басын қоса алмай ырбиып, бірдене деп айтса " болмасанда ұқсап бақ " денгенді алға тартып әлек болады, киносына туссін, әнін айтсын өз ісінің шебері атанып шыңына жетсін.
Журналистикада кім жоқ? Бәрі бар: әртіс, әнші, ақын, жазушы...


Сырдың қызы дұрыс айтады. Әйтсе де, журналистикада тек қана журналистердің жүргенін қалаймын.

Ұстазым Съезд ағайдың "Айналайын, филологтар, журналистердің нанын тартып жегенді қойсаңыздаршы!" деген сөзі есіме түсіп кетті. Ағайдың сөзінің жаны бар.
бәріне себепкер мүмкіндік. жазушының бәрі журналист болуға толымды, керісінше, журналистің бәрі жазушы болуға толымсыз. бұдан қате түсінік туындамау керек. ең бастысы жақсы бір сөз бар ғой "даңғыра қаққанның бәрі барабаншы емес" деген!!!
Амалдың жоқтығы. Нан табу үшін де. Әйтпесе қай жазушы мақала жазып көз майын, сөз майын тауысқанды қалайды дисің