Прозалық шығармаларға бәйге жарияланды

Прозалық шығармаларға бәйге жарияланды

"Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры "Еліне ұран болған Ер Жәнібек" атты халықаралық прозалық шығармаларға арналған байқау жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысында ерекше ерлік көрсетіп, еліне ұран болған атақты батыр, қолбасшы, әділ би, ділмар шешен Ер Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792) туғанына 300 жыл толуына орай «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» атты халықаралық прозалық шығармаларға байқау жарияланды. Байқаудың басты мақсаты - Ер Жәнібек Бердәулетұлының ерлік істерін, қолбасшылық қасиетін, қоғам және саяси қайраткер ретінде атқарған қызметтерін, шешендік тапқырлығы мен әділ билігін насихаттау, сол арқылы қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосу.

Байқаудың талап-шарттары:

1) «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» тақырыбында прозалық шығармалар (әңгіме, новелла, эссе, повесть).

2) Байқауға кез келген ұлттың өкілі қатыса алады.

3) Қатысушылардың жас мөлшері 18 бен 50 жас аралығында болуы керек.

4) Бұрын жарияланған шығармалар қабылданбайды.

5) Автор өзі ұсынған шығармасын өзінің өтініші арқылы ұйымдастыру комитетінің қарауынан алып тастай алады.

6) Ұйымдастыру комитеті авторлармен ұсынылған шығарма төңірегінде пікірталас өткізбейді.

7) Ұсынылған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

8) Байқауға жіберілген шығармалар көлемі 30 бетке дейін болуы керек.

9) Ұсынылған шығармалар қазақ тілінде, компьютерде (Times New Roman форматта, 14 шрифтпен) терілген болуы тиіс.

10) Ұйымдастыру комитеті жолданған шығармаларды жариялауға және жинақ етіп шығаруға құқылы.

11) Қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтау шарасының уақыты алдын ала ескертіледі және олардың келіп-кету шығындары өз есебінен болады.

Байқауға арналған шығармаларды қабылдау уақыты: 2014 жыл 10 қазанға дейін қабылданады.

Шығармалар төменде көрсетілген мекенжай бойынша қабылданады:
Email: erjanibek-300@mail.ru
Жеңімпаздарға тағайындалған жүлделер:

Бас жүлде – біреу (300000 тг)
І орын – біреу (200000 тг)
ІІ орын – біреу (150000 тг)
ІІІ орын – екеу (100 000 тг)
Арнаулы жүлделер – үшеу (50000 тг)

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: erjanibek.com

M. Auelkhan