Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

2014 жылдың 10 қазанында ОҚО, Түркістан қаласының ХҚТУ мәдениет сарайында ақын, публицист-жазушы Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты жазба ақындардың республикалық жыр мүшәйрасы өткізіледі. 

Жыр бәйгесінің басты мақсаты ақын, публицист-жазушы Саттар Ерубаевтың халқының бақыты жолына арнаған өмірі мен шығармашылығын насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше дарынды жастарды іздеп табу.

Мүшәйраның ережелері мен шарттары:

- Мүшәйраға 18-35 жас аралығындағы ақындар қатыстырылады.

- Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған 2 өлеңін жібереді.

1. С.Ерубаевқа арнау;

2. Түркістан туралы;

- Өлеңдерін А4 форматты қағазда компьютерде теріп, 2 дана етіп ұйымдастырушыларға ұсынады.

- Шығармалар 8 шумақтан аспауы керек.

- Үміткерлердің шығармаларын қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.

Бағалау талаптары және жеңімпаздарды марапаттау:

І-орын (біреу) -  300 мың теңге

ІІ- орын (біреу) -  200 мың теңге

ІІІ-орын (екеу) 150х2 д – 300 мың теңге

Арнайы жүлделер: (он) 20х10 д – 200 мың теңге

- Жеңімпаз атанған үміткерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылады.

- Үміткерлер шығармаларын 2014 жылдың 22 қыркүйегіне дейін Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйіне тапсыруы тиіс. Іріктеуден өткен шығармалар байқауға қатыстырылып, кітапшаға енгізіледі.

Ұйымдастырушылар төмендегі құжаттар бойынша қабылдайды:

- Өтініші

- Шығармашылық мінездеме

- Жеке куәлігінің көшірмесі

- 9 х 14 түрлі-түсті фотосуреті

- Үй және ұялы телефондары

-  Шығармалары (2 дана)

Мүшәйраға қатысушылар төмендегі мекенжайға жіберілуі тиіс:

ОҚО, Түркістан қаласы,

Есімхан алаңы, №1

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйі.

Байланыс телефондары: 4-21-81, факс4-21-67,

пошта: tur_madeniet@mail.ru

Ұйымдастыру алқасы, Түркістан қаласы әкімдігі.   

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: өңделген

Н. Айдархан