Белгілі ақын Жәркен Бөдешұлымен кездесу өтті

Белгілі ақын Жәркен Бөдешұлымен кездесу өтті

Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі – Жәркен Бөдешұлымен ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі Дайындық факультетінде кездесу өтті. Шараны ұйымдастырушылар бұл ақынның 70 жылдығы мерейтойына орай өтетін кештердің, кездесулердің басы деп отыр. Кешке жазушы, филология ғылымдарының докторы Кәкен Қамзин, ақын Мұрат Шаймаран, жазушы Қойшыбек Мүбарак сынды белгілі қалам иелері мен Жәркен жыраудың ақын інілері, Жоғары оқу орынна дейінгі Дайындық факультетінің тыңдаушылары қатысты.

Назар аударарлық тағы бір жайт, осы кеште Жәркен Бөдешұлының 70 жылдық мерейтойына орай өткізілетін дүбірлі жыр кеші мамыр айының 19 күні Жазушылар одағында өтеді деп хабарланды.

Кеште ақын поэзиясы туралы пікірлер айтылып, жыр сүйер жастар ақынның аңызға айналған өлеңдерін оқып, әнін шырқап, күй айтыс жасалды.

Дайындаған:Мейіржан Әуелханұлы

Суреттерді түсірген: Мейіржан Әуелханұлы

M. Auelkhan