Дон Кихот жайлы басылмаған кітап табылды

Дон Кихот жайлы басылмаған кітап табылды

Испан жазушысы Висенте Бласко Ибаньестің идальго дәуірінің қатал мінезі мен XX ғасырдың алғашқы жартысы баян етілген ғажап шығармасы жазушы отбасындағы кітапханалық қордан табылды.

Қолжазбада Дон Кихоттың Нью-Мексикода (АҚШ) бастан кешкен оқиғалары баяндалған; зерттеушілердің сөзіне сенсек, мәтін киносценариге лайықталып жазылған көрінеді. 

Автор аталған шығарманы 1916-1917 жылдары "Апокалипсистің төрт салт аттысы" романын аяқтап, «Маре Нострум» шығармасын жазуды қолға ала бастаған уақытта дайындаған.

Енді роман 2015 жылы "Сервантес" еңбегіне 400 жыл толуына орай басылып шығарылмақ. Осы тұста бір айта кетерлігі, кітапқа жазушының қызы жазған Ибаньестің өмір тарихы енбек. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: gabitogrupos.com

Л. Лига