Кітап туралы ұлылардың айтқаны

Кітап туралы ұлылардың айтқаны

"Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін" деген екен Н. И. Пирогов. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады. Өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің өмірлік ойларың...

Назарларыңызға кітап туралы айтылған ұлылардың ой-пайымдарын ұсынамыз.

* Кітап жансыз, бірақ шынайы дос.  

Гюго

* Кітап біздің ең соңғы досымыз, олар бізді алдамайды, сондай-ақ үнемі жаныңнан табылады. 

Фагэ

* Ашқаныңда ықыласпен шақырып, жабыққаныңда зор рухани байлыққа кенелтетін кітап қана - жақсы кітап.  

Олкотт

Қолға түскенін емес, әбден таңдап-сараптап оқыңыз. Діл мен жаныңызды байытып, оны тәрбиелеңіз. 

Тургенев

Бұрынғылар оқитын кітап таппай қиналушы еді; қазіргілер кітап таңдай алмай дал болуда. Шынайы еңбек үшін аса зейінді болмақ керек. 

Леббок

Сізді ойлауға мәжбүр ететін кітап қана өз міндетін толық атқарған кітап. 

Паркер

Көрінген кітапты оқи берген жарамайды, көңілде туған сауалдарға жауап бере алатын кітаптарды оқыған абзал.  

Лев  Толстой

Уақыт барда көп шығарманы оқып қалыңыз, әйтпегенде үлгермей қалуыңыз әбден мүмкін! 

Торо

Мадам, өмір өте қысқа, бос уақытымыз тіпті аз, сондықтан біз оны саяз кітаптарды оқумен ысырап етпеуіміз керек.

Рескин

Оқы және үйрен. Маңызды кітаптарды оқы. Қалғанын өмірдің өзі түсіндіріп береді. 

Достоевский

Бір реттік оқудан кейін қайта оқуға арзымайтын еңбек негізінде оқуға жарамайды. 

Вебер

Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы пайда келтіреді. Бұны көбі біледі, мойындайды, бірақ өздері амал етпейді. 

Сенека

Еркіндік, бұл – жалған сөйлемеу құқығы. 

Альбер  Камю

Әңгіме қаншалықты жақсы болса, соншалықты қысқа болады. 

Абдулла  Қаһар

Әдебиет атомнан да қуатты, бірақ оның күшін отын жаруға қолданудың қажеті жоқ.

Абдулла  Қаһар

Нығметтің қадірі ол жоғалғанда білінеді. 

Әбу  Райхан Беруний

Ұқсас жазба:

Кітап туралы тәмсілдер

Дайындаған: Асан Әлі

Сурет: ru.forwallpaper.com

Ш. Талап