Өткен күндердің бәрі өмір емес

Өткен күндердің бәрі өмір емес

Кейде күйбең тіршілікпен жүріп өткен күнімізге есеп беруді ұмытамыз. Әлденеге асығатынымыз соншалық, өзіміздің қай бағытта жүріп келе жатқанымызды да аңғармаймыз. Өмір атты ұзақ жолда сәл кідіріп, данышпандардың өмір туралы айтқан ұлағатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз:

Қанша айтқанмен теория сүреңсіз ғой, досым-ау. Ал өмірдің мәңгі балғын – бәйтерегі осынау.

И. Гете

Дүниеде түрлі өнер көп, өнерді тапқан шебер көп.

С. Дөнентаев

Бүгін – өткеннің нәтижесі әрі болашақтың бастамасы.

В. Г. Белинский

Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

Өмір де мысал өлең секілді: ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді.

Сенека

Өмір сүру дегеніміз – тынымсыз алға ұмтылу.

С. Джонсон

Пайдасыз өмір сүру – мерзімінен бұрын өлу.

И. Гете

Ешбір ісің бітпей қалмас, сене бер,

Мойымастан төзе білсең, сен егер.

И. Гете

Өнеге де, ұстаз да өмір.

Рудаки

Біржолата мәңгілік жеңіске жетуге болмайды, күн сайын жеңіске жетіп отыру қажет.

Р. Роллан

Әрқашан қолы тимейтін адамдар – әдетте ештеңе істемейтіндер.

Г. Лихтенберг

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек – ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді – тағдыр жоқ қайта келмек.

Абай

Уақыттың мүддесі мен оның өзгерісіне ештеңе істей алмайсың.

В. Г. Белинский

Жастық шағыңның қадірін білгейсің!.. Кейін қартайғаныңда жастық жылдарыңды мақтанышпен еске түсіретіндей етіп өмір сүр!

М. Горький

Дүниеде үш нәрсе ғана: атқан оқ, айтылған сөз, өткен күн – қайтіп оралмайды.

Даумер

Өкінішке соқтырмайтын іспен ғана айналыс. Өзің білмейтін істен аулақ жүр. Бірақ білуге тиісті нәрсенің бәрін үйрен. Сонда тыныш өмір сүресің.

Пифагор

Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл.

Абай

Өткен күндердің бәрі емес, есте қалған күндерің ғана өмір.

П. А. Павленко

Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің өркені.

Н. Ф. Погодин

Төс болғаныңда төзіп бақ, балға болғанда соғып бақ.

Р. Роллан

Бүгінде болашақтың белгісі бар.

Ж. Фабр

 Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Олег Львов

Қ. Бүйенбай