Кітапқұмарларға арналған қызықты деректер

Кітапқұмарларға арналған қызықты деректер
  • Агата Кристи – әлемдегі ең атақты жазушы. Оның детективті романдары 100-ден астам тілге аударылған.  Жалпы Агата 60 детективті роман, 6 психологиялық роман (Мэри Уэстмакотт немесе Вестмакотт деген бүркеніш атпен), 19 әңгімелер жинағы мен 16 пьесаны жарыққа шығарған. Кітаптарының жалпы тиражы 4 миллиардтан астам.
  • Қазіргі таңда жалпы оқырман қатарына 45 жастан асқан егде кісілер жатады. Олар кітаптың 50 пайызынан көбін оқиды.
  • Бүгінгі күнге дейін ең көп шығарма жазған ақын – Лопе де Вега. Испаниялық драматург өз өмірінің соңына дейін 1800 пьеса жазған.
  • Әйелдер жігіттерден гөрі кітапты жақсы сатып алады. Олардың үлесі – 68 %.
  • Аты әлемге танымал тұлғалардың  жазылған өмірбаяндары бойынша да әлемдік рекордшылар бар.  Мысалы, Уинстон Черчилдің өмірбаяны ең ұзақ жазылған, көлемді туынды болып саналады. Ол 22 томнан тұрады.
  • Салмақ бойынша ең ауыр қолжазба – географиялық атлас. Ол Британия мұражайында сақтаулы. Оның салмағы – 320 келі, биіктігі – 1 метрден асады.
  • Кітаптардың арасында "лилипут" кітаптар да кездеседі. Олардың көлемі кішкентай қасықпен тең.  Ең кішкентай кітаптардың қатарына Франция Конституциясы, ағылшын сөздігі жатады.
  • Кітапқа жаны құмар адамдар бір аптада кемінде 7 сағат уақытын кітап оқумен өткізеді.
  • Италиялық Рио Козелли әлемдегі ең зеріктіргіш кітаптар топтамасын жинайды. Қазір оның қолында 10 000 том кітап бар. Бір италиялық ақын өзінің шығармасын Козеллидің кітаптар топтамасының арасынан көріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған екен.
  • Ең қымбат кітапты француз жазушысы Жозеф Форе жазған. Оның аты – «Апокалипсис». Құны – 100 миллион франк. Ол «Париж заманауи өнер" мұражайында қойылған.
  • Ең ұзын кітап – «Ғажап». Оның толық ұзындығы – 1856 метр. Ол папирус қағазына жазылып, оралған. Кітаптың авторлары – Кастелло (Италия) қаласындағы оқу орталығының 400 оқушысы. Туынды 11 әңгімеден тұрады.
  • Әлемдегі ең атақты кітап – «Соғыс және бейбітшілік», Лев Толстой. Роман Джордж Оруэлдың «1984», Джеймс Джойстың «Улисс», Владимир Набоковтың «Лолита» және Уильим Фолкнердың «Шу мен құмарлық»  секілді шығармаларын басып озған.

Оқи отырыңыз: 

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Пауло Коэльо жайлы не білуіміз керек?

«Шын ертегі» немесе шынайы әңгімелер

Салтанат Смағұлова: "Сенен өзге кім ұғады мендейді?!"

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет: cotecotecote.carguru

Н. Нұрмаханұлы