«ЭКСПО 2017» көрмесі және Қазақстан

«ЭКСПО 2017» көрмесі және Қазақстан
жеке
блог

Біздің ғаламшарымыз және ондағы адамзат өмірі үнемі өзгеріп отырады.Әр дәуірдің өз қиындықтары,әр ғасырдың өз құндылықтары және әр қоғамның өзіне тән өзекті мәселелері бар.21-ғасырда табиғат ресурстарының кең көлемде жан-жақты игеріліп,адам мұқтаждығына жұмсалуы және отын-энергетикалық кешенді зерттеудегі антропогендік әрекеттер  бұрын соңды болмаған бірқатар экологиялық проблемалар мен табиғат апаттарын  туғызды.Дүниежүзілік жиында шикізатты қарқынды өндіріп,өңдеудің нәтижесінде отынның қоры әлемдік деңгейде азайып,баламалы қуат көздерін  тұтыну үрдісіне өту жайлы бірегей идея мен тың ой салған бірден-бір мемлекет біздің еліміз,яғни Қазақстан. «Жасыл ғаламшарды» құру мақсатында «Expo 2017-болашақтың қуаты» деген  жаңа жобаны ұсынған елордамыз Астана 2012 жылы  Париж қаласында өткен Халықаралық Көрмелер Бюросының  ЭКСПО халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясындағы дауыс беру нәтижесі бойынша 147 елдің 103-інен қолдау тауып,аталған көрменің ұйымдастыруға мәртебе алды.Ғасырға жуық тарихы бар ауқымды көрме Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашады?Менің ойымша, «Expo 2017-болашақтың қуаты» көрмесі төрткүл дүние назарын елімізге аударып,оның инфрақұрылымын және әлеуметтік жағдайларын жақсартып, жаһан елдерінің мәдениеталмасу үрдісінің үдеуі мен инновациялық бағыттағы халықаралық қатынастардың нығаюына әсерін тигізеді.
Жер-жаһанның назарын елімізге аударатын ЭКСПО көрмесі ұйымдастырушының қабілетін айқындайтын имидждік қадам болып табылады.Ресми болжамдарға сүйенсек,Астанамыздың 20-жылдығымен тұспа-тұс келген іс-шараны тамашалауға шамамен 2 миллионға жуық адам келеді ,соның ішінде 20% шетелдік меймандар.Өзге елден келген туристер ағымы қазақ халқының бірегей,адам қолы тимеген табиғат ландшафтын  көріп,мәдениеті мен тарихының рухани кеңістігіне енуге және ретроспективасына шолу жасауға мүмкіндік алады.Сондықтан,халықаралық көрме ұлттық мәдениеттің бейнесін көрсететін адамзат ақыл-ойының тамаша жетістігі іспеттес.Қазақ дәстүрлер достастығы мен ұрпақтар сабақтастығының дәлелі ретінде көрменің басты павильонын атап кетуге болады.Ауданы 2400 шаршы километрді алып жатқан ғимараттың пішіні күмбез тәрізді,басқа сөзбен оны «заманауи киіз үй» деп те атайды.Сәулетшілер мен құрастырушылардың айтуы бойынша, көшпелілердің өмірінде айырықша орын алатын баспана бүгінгі кезде тек бір отбасының басын қосатын жер емес,қоғамды бір шаңырақ астына біріктіретін мекеннің символына айналған.Бұл тұжырымды ғалымдар «үшінші өнеркісіптік  төңкеріспен» байланыстырады-мыс.«Заманауи киіз үйдің» шаңырағы еліміздің елтаңбасының сұлбасына негізделген және жан-жағына сәуле тарады.Ғимарат күн сәулесін өңдейтін арнайы материалдардан жасалғандықтан аймақтың электр қуатын дамыту және тарату орталығы болады деп жоспарланған.Бұдан бөлек «Expo 2017-болашақтың қуаты» көрмесі қарсаңында өткізілетін 3000-ға жуық шоу-концерттік бағдарламалар да ТМД елдері арасындағы ең ірі іс-шара болмақ,өйткені бұрын соңды халықаралық көрме Орта Азия мен бұрынғы КСРО мемлекеттерінде өткізілмеген.Әлем жұлдыздарының қазақ таланттарымен бір сахнада өнер көрсетуі,халықаралық сайыстардың жеңімпаздары мен отандық өндірушілердің біріге еңбек етіу полиэтникалық кеңістіктің кеңеюіне және мемлекеттер арасында берік рухани-мәдени байланыстың орануына зор ықпалын тигізеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, ЭКСПО көрмесі-Қазақстан тарихының алтын парағы,себебі ол күллі адамзатты алаңдатар күрделі мәселелердің тиімді әрі қолжетімді шешу жолдары ұсынылатын инновациялы технологиялардың саябағына айналады.Адам өмірін өзгертіп,медицина мен ғылым салаларында,күнделікті өмірде қолданылып жүрген жасампаздықтың жемістерінің басым бөлігі халықаралық көрменің экспонаты болған.Мәселен,1901 жылы Буффалода-рентген аппараты,1970 жылы Осанода-ұялы телефон,1982 жылы-сенсорлы сезімтал экранды құралдар көрмеге қойылған болатын.Менің ойымша,Қазақстанда өткізілетін көрменің өнертабыстары да қоғам өміріне және қоршаған орта-табиғатқа тек пайдасын тигізетін заманауи жабдықтарға лық толы болады.Еліміздің климатына сай күн батареялары мен жел генераторлары,сондай-ақ әр елдің географиялық орналасу ерекшелігін ескеріп,қуатты  мейлінше аз қажет ететін инновациялық роботтар,прогрессивті,жарқын идеялардың квинтессэнцияланады .Үздік энергия сақтайтын аппараттар мен альтернативті қуат көзі көрмесіне ұсынылатын экспонаттар ретінде Малайзияның энергетика Министрлігінің төрағасы Дато Лу Тук Джидің атап кеткен су тазартатын және көгалдандыратын құрылғыларын келтіруге болады.Сонымен қатар,АҚШ-тың ірі табыс көзі,әлемдік нарықтың келеңсіздіктеріне ақ сұпыдай қасқайып қарсы тұра білген тәжірибелі «Shell» трансұлттық компаниясы да ЭКСПО іс-шарасында табиғатқа зиянды қалдық шығаратын тауарларға сұранысты төмендету жолдарымен қатысушыларды қызықтырады деген сенімде.Көрмеде көрсетілетін отандық өнертапқыштардың ішінде қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары М.Раисов пен А.Туманбаеваның Қазақстанның ғалымдары жоғары бағалаған «Токамак» атты термоядролық реакторын атап өтуге болады.Жоба жетекшісі А.Жумабеков атап өткендей,бұл құралдың қолданыс ауқымын кеңейту еліміздегі экономикалық мәселелердің шешімі болып,өндірістік орындардың жұмыс қарқынын жетелдетуге ықпалын тигізеді. «Expo 2017-болашақтың қуатының» әр қатысушы-мемлекеті тағы бір  ғылыми-техникалық революцияның негізін қалаушының рөлін атқарады.
Әлемдік маңызы бар іс-шараға дайындық барысында ұйымдастырушы мемлекет алдында үлкен мақсат және жауапкершілік,міндеттер тұрады.Көрменің ойдағыдай өтуі үшін елімізде барлық жағдайлар жасалып жатыр.Оған дәлел ретінде қалалардың инфрақұрылымының жақсарып,әлеуметтік қызмет көрсету саласының жетілгенін келтіруге болады.Жалпы тарихи сараптамаға сенсек,ЭКСПО көрмесі дүниежүзінде ұйымдастырылған туристік тартылымы жоғары іс-шаралардың біріне кіреді екен.Туристердің көңілінен шығу үшін Астанамызда бірнеше жыл ішінде көптеген модерн стиліндегі ғимараттар мен павильондар бой түзеді.Сырттан келген қонақтарға көрсетілетін қызмет сапасының мониторингі жүргізіліп, «халықтық құрылыс» басталды,өйткені,бұл шараға кішкентай балалар да,ересек адамдар да жұмылдырылған.Көрменің ғимараттарын салуға,оның ұйымдастырылуына және меймандарды күтіп,ойын-сауық ойластыруға да жұмысшылар мен қоғамның белсенді мүшелері жұмылдырылды.Нәтижесінде жас студенттер еріктілер қатарына қабылданып,әлеуметтік өмірдегі тәжірибесін арттырады,ал жұмыссыздар жұмыспен қамтылады.Аталған көрме қарсаңында білім ордаларында да түрлі білім сайыстары мен инновациялық идеялар конкурстары  ұйымдастырылған.Мысалы,мен  Назарбаев Зияткерлік Мектебінің  «Білім!Ғылым!Инновация!» атты конкурсында киіз үй пішінді,күн сәулесі мен желден қуат алып,жұмыс істейтін тренажерлары бар балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық кешеннің сұлбасын ұсынғанмын.Көрменің басты ұранына негізделе отырып мемлекет тарапынан елімізде утилизациялап,екінші реттік шикізат шығаратын зауыт-фабрикалардың санын арттыру да көзделген.Ортақ іспен айналысу-қоғамның біртұтастығын қамтамасыз етеді,ал жаңа кәсіпорындарды ашу-жұмыссыздықтың деңгейін төмендетіп,халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартады.
Индустриалиязацияның негізгі символы болып табылатын халықаралық көрменің елімізге берері зор. Табиғи кеніштердің сарқылып,экологияның ластану деңгейі дабыл қағатын кезеңге жеткізген сәтте тек  адамдар ғана бұл үрдісті тоқтата алады.Мұндай ғаламат бастамалар келешекте табиғатқа зиян келтірмейтін қуат көздерін тұтынуға есік ашады және экологиялық мәселелердің шешімін тауып,қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бастамасын салады.Энергетикадағы сапалы өзгерістер бір мемлекетте ғана қолданылмауы тиіс,себебі Жер барлығымызға ортақ.Адамзатқа қажетті идеялар мен өнертабыстарды насихаттап,олардың ұтымды тұстарын паш ететін ең қолайлы ортақ-ЭКСПО халықаралық көрмесі. Көрменің арқасында мемлекетке түсетін инвестиция мен дивиденттер мөлшерінің және оны көруге келетін қонақтар саны көп боларына сенімдімін.Демек,Астанада өтетін көрме қоғамның табиғат пен келешекке деген көзқарсын өзгертіп,ЭКСПО-ның басты мақсаты-жаһандық мәселелерді шешіп,халықаралық қатынастырды нығайтуға септігін тигізеді.