Титаник

Титаник
жеке
блог

 Әйгілі "Титаник" оқиғасын бәріміз білетін шығармыз...1912 жылы тамыздың 10-күні орын алған қайғы бүкіл әлемнің жадында жазылып қалды.Титаник десе, өзіміз сол теңізге түсіп шыққандай денеміз дір ете қалатыны бар.Бірақ, "Титаник" жағдайымен ұқсас оқиға 1898 жылы жазылған "Тщетность"(Бос үміт) деп аталатын романда баяндалатынын көбісі біле бермейді.Авторы-американдық жазушы Морган Эндрю Робертсон.Кітапта "Титан" деп аталатын кеменің Атлант мұхитына батып кетуі суреттеледі. Бір қызығы, романда бейнеленген қайғылы оқиға дәл 14 жылдан кейін іс-жүзінде орын алады.Кітап жарыққа шыққан соң аса танымал бола қойған жоқ, бірақ Титаник апатынан соң жағдай өзгеріп, кітап "Тщетность или гибель Титана"(Бос үміт немесе Титанның қазасы) деп атауы өзгертілсе, романның авторы XX ғасырдың әулиесі деген атаққа ие болды.Екі оқиғаның да соңы кеменің мұзтауға соғылып, апатқа ұшырауымен аяқталады.

 Негізі, адамның ойы іске асады деп жатады, бұл оқиға расымен де адам ойының күшін дәлелдей ме, жоқ әлде болжам, болмаса жәй ғана кездейсоқтық па екен?!