Ұлыбританиядан Ұлы Далаға

Ұлыбританиядан Ұлы Далаға
жеке
блог

Оқиға былай өрбіген. ХІХ ғасырда  Британ азаматтары Томас пен Люси Аткинсон Жоңғар Алатауын, Жетісу өңірін зерттеуге келеді. Сол тұста Томас Аткинсонның жұбайы Қапал қарамағындағы Тамшыбұлақ деген жерде ұл босанады. Жоңғар Алатауының баурайында дүние есігін ашқан сәбиге Тамшыбұлақ-Алатау (Tamchibulac-Alatau) деген есім беріледі. Араға екі ғасырға жуық уақыт өтеді. Сол сәбидің ұрпақтары бабасының кіндік қаны тамған жерді көру үшін 2016-ның жазында әдейілеп ат басын Қазақстанға бұрады. Елордамыздан басталған қонақжайлылық кешегі күннен бастап жер жанаты Жетісу өңірінде жалғасын табуда. Ағылшындарды әсем жерлерге апару мұымен бітпейді. Алыстан ат терлетіп келген қонақтарымызды апорттың отаны - Алматы, дертке дауа - Алакөл күтуде. Бүгін алғаш рет "тірі" ағылшындарды көрдім. Сонымен қатар, қазекемнің қонақжайлылығына тағы бір тер куә болдым. Жайлаудағы жұртшылық алыстан дос келді деп, ақ дастархан жайып Нағыз Қазақтығын тағы да танытты. Келген қонақтарды кезінде бабаларының аяғы тиген жерлермен жүргізіп, Жетісудың әсем табиғатымен таныстырып, ағарғаннан дәм татқызды. Ақ, қара деп жатырқауды білмеген қазақ, әдеттегідей нәсілі бөлектерді бауырына тартты. Өнерден кенде емес, қайсар  қазақ қолөнер шеберлігімен қонақтарды таңдай қақтырды. Отызға жуық еуропалықтардың асты-үстіне түсіп бірнеше қазақ сабылып жүр. Бәрінің мақсаты біреу. Бабасының туған жерін іздеп келгендерді Қазақстан дейтін айбынды мемлекеттен жақсы әсермен аттандыру. Қабағы ашық-жарқын, қонақ келсе сабылып бір қалатын қазақ жерінен ағылшындар ат мініп, жібек шапан жабылмаса да, саны аз, қорғауды қажет ететін Сібір Алмасын естелікке алып кетті.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы, міне, танып қой! ,- деп ағылшын жұртшылығына нағыз қазақты танытып, арттарынан қол бұлғап біз қалдық.