«Гиннес рекордтары» кітабына енген ғажайып көшелер

«Гиннес рекордтары» кітабына енген  ғажайып көшелер
жеке
блог
  1. 1.  Эбенезер-плейс, Шотландия
  2. Бұл көше Уик қаласында, Ривер-стрит және Юнион-стрит арасында орналасқан болып, әлемдегі ең қысқа көше болып есептеледі. Шотландияның ең көркем жерлері туралы кітап жазған Энн Уорд бұл көшені төмендегіше сипаттаған болатын: “көзіңізді ашып жұмсаңыз, Эбенезер-плейсті өткеріп жібересіз”.
  3. Эбенезер-плейстің ұзындығы 2.06 метрге тең болып, ол жерде тек бір үй (өз-өзінен, 1-санды) орналасқан. Олда болса “Mackays” қонақүйіне қарасты бистро. Көше 1883 жылы құрылған болуына қарамай, жақында «Гиннес рекордтары» кітабына енгізілген. Сол уақыттары Александ Синклер есімді бір бай кісі Уикда Ривер-стрит және Юнион-стрит көшелері қиылысқан жерден  “Mackays” қонақүйін ашуға шешім қабылдайды. Қала мэрі Синклерге ғимараттың екі көше арасында қалып кеткен бөлігіне ат беруді ұсыныс етеді.  Солай етіп, арадан төрт жыл өтіп қалада жаңа көше – Эбенезер-плейс пайда болады.

  4. 1.     Болдуин көшесі, Жаңа Зеландия

  5. Бұл әлемдегі ең қиғаш көше болып, Жаңа Зеландияның оңтүстігінде орналасқан.

        Болдуин-стриттің ұзындығы 350 метрді құраса, қиғаштық бұрышы 19 градусқа тең. Көшенің               қиғаштығына байланысты ол жер асфальтпен емес, бетонмен қапталған, өйткені, күннің                         ыстығынан асфальт смоласы төмен қарай еріп ағуы мүмкін.
  1. 1.     9-де-Хулио-авеню, Аргентина
  2. Көше Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрестің орталығында орналасқан. Көшенің кеңдігі 110 метрге тең. Жаяу жүргіншілер  9-де-Хулио-авенюдан, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп болғанша светофор шырағы 2-3 рет өзгереді.

  3. Бұл көшемен өткенде қаланың негізгі архитектуралық жәдігерлері,  Дон Кихот ескерткіші, Коммуникация құрылыс министрлігінің ескі ғимараты және Франция елшіханасын көруіңізге болады.

  4. 9-де-Хулио-авенюнің құрылысы 1937 жылы басталған болсада, көшенің негізгі бөлігіндегі құрылыс жұмыстары 1960 жылы аяқталаған екен. Көшенің оңтүстік бөлігіндегі құрылыс жұмыстары 1980 жылдан кейін ғана біткен.

  5. 1.     Сан-Францисконың қиғаш көшелері

  6. Сан-Франциско қиғаш көшелерімен әлемге танымал. Фотограф  Дэн Энжи камера жәрдемінде бұл қиғаштықтарды “тегістеуге” әрекет етіп көреді. Нәтижесінде  Сан-Франциско көшелерінің қызықты бейнелері пайда болады.


  7. 1.     Жыландар саябағы, Берлингтон

  8. “Жыландар саябағы” бүгінге дейін әлемдегі ең ұзын жылан ізді жол саналатын еді. Бірақ бүгінде оның орнын Сан-Францискодағы Ломбард-стрит егелеген. “Жыландар саябағы” 7 қиғаш бұрылысқа еге болып, 17.8 метр биіктікке еге.

  9. Көше 1894 жылы тәжрибе есебінде, Херитейж төбесінің қиғаштығынжеңіп өту мақсатында құрылған болатын.  Құрылысшылар Германия және Франция жүзім бақтарындағы жолдар мысалында төбеден бұрылыстармен түсетін жол құру мақсатында еңбектенеді.  Құрылыс жұмыстары 1898 жылы аяқталды, бірақ ол уақыттары көше басқа атаумен аталатын. Арадан біраз уақыт өткен соң, жергілікті тұрғындардан бірі жолды жылан ізіне ұқсатады. Сол уақыттан бастап көше  “Жыландар саябағы” деп аталады.

  10. Көше бір жақтама болып, онымен тек төмен қарай түсу мүмкін.