Шабыт - емі жоқ дерттердің бірі ме?!

Шабыт - емі жоқ дерттердің бірі ме?!
жеке
блог

Шабыты қысқан шығармашыл тұлғаның жанында болып көрдіңіз бе? Ал, толғағы қысқан ананың қиналысын сезіндіңіз бе? Сәбиге өмір сыйлаған әйел мен жаңа туынды дүниеге әкеліп жатқан суретшінің ешқандай айырмашылығы жоқтығын, осы кітапты оқып түсінесіз дегім келеді. 

Өмір сүріп жатқан қоғамы оны түсінбей, бағасын білмегендіктен, суретші Клод өзін тым төмен сезініп, туындыларын түкке тұрғысыз қоқыс деп білді. 

художник

Оның ойларын ұрлап, сурет галереялары төрінен орын алғандар, нағыз шебер дайындалған туындыны қадірсіз еткендер, бәрі-бәрі біздің қазіргі қоғамның адамдарын еске салады. Құлқынын ақша жеп, билік, танымалдылық үшін жақын достарын да сатып жіберуге дайын тұратын пасық жандардың көрінісі.

Клодтың өнерге ғашық болғаны сонша, ол өзінің айдай сұлу әйелін тек сурет салуға арналған жансыз бейне деп көрді.

женщина Клодтың махаббаты тек оның туындыларына, бояуларға ғана мәңгілік болатын. Жанының еміне айналған кәсібі бағаланбай, ақыр соңында, суретші де, өз өзіне қол жұмсады...

 

Эмиль Золя "Шабыт" деп аталатын туындысын, өзінің суретші досына арнаған екен. Алайда, тағдырын соншама аянышты бейнелегені үшін ол автормен ара-қатынасын мәңгілікке үзеді.